АПАТТАР МЕДИЦИНАСЫ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰТҚАРУШЫЛАРҒА САБАҚ ӨТКІЗУДЕ
Төтенше жағдайға тап болған адамға дер кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетудің адам өмірін сақтап қалуда маңызы зор.
Сондықтан да көмек көрсетудің алғашқы сағаттарын «алтын уақыт» деп айтуы бекер емес. ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» ММ-нің құтқарушыларына кәсіби дайындықтан бөлек медициналық дайындыққа да аса көңіл аударады.
Жасақ құтқарушыларының кәсіби тәжірибесін арттыруда және толықтыру мақсатында ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Қызылорда облысы бойынша филиалының қызметкерлері алғашқы медициналық көмек көрсетуден үнемі практикалық сабақтар өткізіп тұрады.
Филиал дәрігері А.Салқынбаева оқу кабинетінде кезекті сабағында клиникалық өлімнің белгілері жайында айтып, «Максим» манекенінде жасанды тыныс алдыру мен жүректі жанама сылауды дұрыс жасауды көрсетті. Сабақ барысында филиал фельдшері Ж.Набдинова кетулердің түрлері, оларды тоқтату әдістері, байламдардың түрлеріне тоқталып өтті. Сонан соң әрбір құтқарушы зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетуді әдісін тәжірибе түрінде көрсетті. Осындай тәжірибе жүзіндегі сабақ адамдарды қорғауда және өзін-өзі қорғауда пайдасы мол болатыны сөсзсіз.
Сабақ аяғында филиал қызметкерлері құтқарушыларды толғандырған сұрақтарға жауап берді.
ҚР ІІМ ТЖК «ОӨАЖҚЖ» ММ