КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР БАЙҚАУЫ
Қызылордада облыстық ішкі саясат басқармасы және «Азаматтық Альянс» қауымдастығы көпбалалы аналар байқауын ұйымдастырды.
«Батыр ана» қоғамдық бірлестігінің әлеуметтік жобасы аясындағы «Сегіз қырлы, бір сырлы» атты сайыста қатысушылар өз-өзін таныстыру, мақал-мәтел айту, дорба тігу сынды тапсырмаларды орындады. Осылайша ой ұшқырлығын, қимыл шапшаңдықтарын байқатты.
Нәтижесінде І орынды төрт баланың анасы Әмина Бизақова, ІІ орынды төрт баланы бағып-қағып, енді бесіншісін күтіп отырған Әйгерім Смайылова, ал ІІІ орынды бес ұл-қыз сүйген қазақтың келіні Елена Белякова иеленді. Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Назерке САНИЯЗОВА