«ҚАМҚОР» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ
Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай 20 қарашадан бастап елімізде «Қайырымдылық керуені» жалпыұлттық акциясы өтуде.
Акция Сыр өңірінде көмекке мұқтаж жандарға қайырымдылық көрсетумен басталды. Оған Қазақстан халқы облыстық Ассамблея хатшылығы, облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ, «Туған жер» ҚҚ қауымдастығы, «Сарқырама Дизайн» жарнама агенттігі мұрындық болды.
«Қамқорлық» дағдарыс орталығының тұрғындары акция аясында азық-түлікпен, тұрмыстық заттармен қамтылды. Шара барысында сөз алған Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясы хатшылығының басшысы Л.Төрешова қайырымдылық жұмыстарының әлі де жалғасатынын айтты.
Акция облыстық филармонияның бастамасы негізінде «Шекарасыз сазды әуен» атты концерттік бағдарламамен жалғасты.