ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ҮШІН МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕНІҢ БІРІНШІ БАСШЫСЫ ЖАУАП БЕРЕДІ
Бұдан былай жалған ақпарат үшін жауапкершілік мемлекеттік мекеменің бірінші басшысына жүктеледі. Және лауазымды тұлға айыппұлды өз қалтасынан өтейді.
Өйткені мемлекеттік орган ақшасы - халықтың қаражаты. «Астана» телеарнасы хабарлағандай, Парламент Мәжілісінің депутаты Мәулен Әшімбаев «Ақпаратқа қолжетімділік» заңын талқылау барысында осыны мәлімдеді. «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодекске сай бұл үшін 30-дан 100 АЕК көлемінде айппұл қарастырылған. Сондай-ақ, депутат бизнес субъектілерінің де жауапкершіліктерін айқындады.