ТҮРІК ҒАЛЫМЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ДӘРІС БЕРУДЕ
Түркияның Гази Университетінің оқытушысы Хулия Касапоғлу Ченгел бүгінде «Академиялық мобильділік» бағдарламасы аясында Қорқыт ата атындағы ҚМУ студенттеріне дәріс беруде.
«Қазақстан-Қызылорда» телеарнасы хабарлағандай, түркітілдес халықтардың ортақ тіл тарихын зерттеуші ғалым Гази университетінде ол 28 жылдан бері дәріс беріп келеді. Алты тілді меңгерген. Бұған дейін Қырғызстан, Қытай, Германия секілді бірқатар мемлекеттердің іргелі білім шаңырақтарында лекция оқыған. Университеттегі қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының шәкірттеріне дәріс берген алғашқы шетелдік ғалым. Профессор.
Екі аптаға жоспарланған лекция барысында ол «Түрік халықтары әдеби тілінің тарихы» пәнінен қазақ тілінде сабақ өтуде. Магистранттар мен докторанттарды өзінің осы тақырыптағы түрлі зерттеулерімен кеңінен таныстыруда.