«ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ» ІРІКТЕМЕЛІ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖҮРГІЗУ ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ
Әлеуметтік және демографиялық статистика басқармасының ұйымдастыруымен «Тұрмыстық зорлық-зомбылық» іріктемелі зерттеулерді жүргізу тақырыбында семинар өтті. Бұл туралы облыстық статистика департаментінен хабарлады
Семинарға басқарманың жауапты мамандары мен Қызылорда қалалық және аудандық статистика басқармаларының сұқбатшылары қатысты. Семинарда тұрмыстық зорлық-зомбылық сауалнамасының (сұрақнамасының) дұрыс толтырылуы, әрі қарай сауалнаманы теруге дайындау мен зерттеу жұмыстары сапасын бақылаудың қорытындысы жайлы талқыланды.