АРДАГЕРЛЕР ЖАС ОТБАСЫЛАРҒА АҒАЛЫҚ ӨСИЕТ АЙТТЫ
Қызылорда облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы отбасылық құндылықтарды және демографиялық саясатты насихаттау мақсатында «Мен+мен=жас шаңырақ» тақырыбында жас отбасылармен және жастармен кездесу ұйымдастырды.
Оған ардагерлер кеңесінің мүшелері, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы және «Қоғамдық келісім орталығы» КММ-нің өкілдері, дін мәселелерін зерттеу орталығының дінтанушы мамандары қатысты. Кездесу барысында ардагерлер кеңесі жанындағы жастармен жұмыс жасау комиссиясының төрағасы Арғын Садықов, комиссия мүшесі, ардагер ұстаз Батырхан Остаев жастарға өсиет айтып, «Қоғамдық келісім орталығы» КММ-нің бөлім меңгерушісі Асылбек Жұмабаев отбасындағы қарым-қатынас қиыншылықтары мен қызықтары жайлы сөз қозғады.
Төрт бала тәртбиелеп отырған Сәбира Сақтапбергенова, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Жандос Базартай жас отбасыларға мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауларды атап өтті. Дін мәселелерін зерттеу орталығының маманы Жеңісбек Дәрібаев ұлттық салт-дәстүр мен діннің отбасы құндылықтарымен ұштастығын жастарға жеткізіп, қатысушы жастар кездесуге оң бағасын берді.
Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының баспасөз қызметі