ҚАЗАҚСТАНДА МЕЙІРГЕРЛЕРДІ ДАЯРЛАУДЫҢ ФИНДІК ҮЛГІСІН ЕНГІЗУДІ ЖОСПАРЛАУДА
Алғашқы көмек мейіргерлерін дайындау түрлі бағыттарда финдік тәжірибе негізінде жүргізіледі, деп мәлімдеді ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова ҚР Парламенті Сенатында «Денсаулық» жаңа мемлекеттік бағдарламасын таныстыру барысында.
«Алғашқы буынды дамыту аясында науқастарды қағадағалау, созылмалы ауруларды басқару, сондай-ақ науқастарға үйде қызмет көрсету бойынша кейбір қызметтер кезең-кезеңмен жалпы іс-тәжірибедегі арнайы даярланған мейіргерлерге тапсырылады. Осы мақсаттарда мейіргерлерді даярлаудың финдік үлгісі енгізіледі», - деді Т.Дүйсенова.
Оның айтуынша, аталған жүйе даярлаудың үш деңгейін қарастырады. Қазіргі жұмыс істеп тұрған еліміздің 64 колледжінде күтіммен айналысатын мейіргерлер даярланады. Қазіргі бар колледждер санынан мейіргерлер даярлайтын жоғарғы мектептер құрылады, олардың білім беру бағдарламалары еуропалық нұсқауларға сәйкес келеді. Осы мектептердің түлектері медициналық көмек көрсетумен айналысатын болады.
«Қазіргі таңда жоғары білімді мейіргерлерді даярлайтын бакалавриат ашылған жоғары оқу орындарында әкімшілік мәселелермен және ғылыми жұмыстармен айналысатын мейіргерлер оқытылады. Әлемдік тәжірибе осындай және біз де осы стандарттарға көшуіміз керек», - деп түсіндірді ведомство басшысы.
Естеріңізге салсақ, денсаулық сақтауды дамыту бойынша жаңа мемлекеттік бағдарламаны даярлау алғашқы медициналық-санитарлық көмек медициналық көмекті ұйымдастыру жүйесіндегі орталық болады деп қарастырылған.