ӨСКЕМЕНДЕ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ БАЛАЛАРҒА ҚАРСЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Өскеменде «Қазақстанда балаларға қарсы зорлық-зомбылықтың алдын алу және шара қолдану бағдарламаларының тәжірибесін тарату стратегиялары» тақырыбында республикалық кеңесі өтті. Конференция мақсаты – мектептердегі зорлық-зомбылықтың алдын алу бағдарламаларын жүзеге асырып отырған немесе жүзеге асыруға қызығушылық танытқан өңірлер арасында диалог орнауына ықпал ету, әрі Шығыс Қазақстан облысында жүзеге асырылған мектептердегі зорлық-зомбылықтың алдын алу және шара қолдану бойынша сынамалы бағдарламаларды тарату стратегиясын қабылдау.
Шығыс Қазақстан облысында (ШҚО) мектептердегі зорлық-зомбылықтың алдын алу және шара қолдану бойынша сынамалы бағдарламасы сәтті жүзеге асырылды. Шығыс Қазақстан облысының Әкімшілігі ҚР Білім және ғылым министрлігінің, ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл кеңсесінің, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің және БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) қолдауымен Әкімшіліктің Білім басқармасы таңдаған, Шығыс Қазақстан облысында (Өскемен қ., Семей қ., Риддер қ., Серебрянск қ.) орналасқан жеті мектепте және үш мекемеде зорлық-зомбылықтың алдын алу бағдарламасын сынақтан өткізді.
Бағдарлама 2013 жылдың қыркүйегінде енгізіле бастады. Бағдарлама мақсаты болып мұғалімдерді, оқушыларды және олардың ата-аналарын қатыгездіктің, күш көрсетудің, ақша бопсалаудың, жыныстық зорлық көрсетудің, кибер-буллингтің (сандық технологиялар көмегімен қудалаудың) және кемсітушіліктің бастапқы белгілерін анықтауға көмектесетін білім мен құралдар беру арқылы, сонымен қатар, олардың зорлық-зомбылықтың алдын алудағы және шара қолданудағы рөлін жақсырақ түсіну арқылы балаларға қарсы жасалатын зорлық-зомбылықтың алдын алу және шара қолдану табылады. Аталмыш үлгі, сондай-ақ, балаларға қарсы жасалған зорлық-зомбылық туралы мәлімдемелерді тіркеуге және уақытылы шара қолдануға мүмкіндік беретін мектептен тыс механизмдер орнатты. Бұл үлгі «қалаулы мінез-құлықты барлық оқушылар және мектеп қызметкерлері үшін тиімдірек және ұнамдырақ ететін, ал ұнамсыз мінез-құлықтың тиімділігін және өзектілігін төменірек ететін бірінші (жалпымектептік), екінші (мақсатты) және үшінші (жеке-дара) көмек көрсету жүйелерін жасауға және оларға демеу көрсетуге» бағытталған.
Үлгі мектеп қауіпсіздігін қамтамасыз ету топтарын, ата-аналарды, ұстаздарды және үкіметтік емес ұйымдарды сынақ жүргізілетін мектептерде және интернат үлгісіндегі мекемелерде зорлық-зомбылық жайттарын анықтау, қорғау, шара қолдану және оңалту ісіне тиімді атсалыстырды. Үлгіні жүзеге асыру мақсатында мектептер мен мекемелердің (басшылық пен қызметкерлердің) әлеуетін арттыру үшін мектеп қауіпсіздігін қамтамасыз ету топтарының құрамына кірген 40 мектеп директорына, мүғалімдер мен ұстаздарға арналып оқу курстары ұйымдастырылды. Мектептердегі зорлық-зомбылықтың алдын алу және шара қолдану бойынша арнайы нұсқаулықтар, сонымен бірге, оқушыларға арналған аптасына екі жүйелі 20 минуттық оқу сессиялары барысында мұғалімдермен пайдаланылатын бастапқы зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша оқу бағдарламалары әзірленді. Дәрістер «Тәлімгерге тәлім беру» қағидасы бойынша өткізілді, нәтижесінде тәлімгерлер өз кезегінде мектептегі әріптестерін үйретті. Бағдарлама 3-7 сыныптарда оқитын балаларға арналған болатын, бірақ, мектептердің шешімімен басқа сыныптарға да қолданылды, осылайша, бағдарламаның қамту ауқымы 3000 оқушыдан 6348 оқушыға үлғайды.
Жиын шеңберінде қатысушылар балаларға қарсы жасалатын зорлық-зомбылықтың алдын алу бағдарламасы жүзеге асырылып жатқан Өскемен қ. №27 мектепке барды. Мектеп мұғалімдері мен оқушылары бағдарлама туралы әңгімеледі, аталмыш бағдарлама оқыту-ағарту үдерісінің барлық қатысушыларын, соның ішінде, мектептің техникалық қызметкерлерін, асхана қызметкерлерін, мұғалімдерді, оқушыларды және олардың отбасыларын қатыстыруды көздейді. Зорлық-зомбылықтың алдын алу бағдарламасының жемісті болуына білім беру үдерісіне қатысушылардың барлығының шынайы қызығушылығы, мұғалімдер арасынан балалар сенім білдіре алатын мектеп қауіпсізідігін қамтамасыз ету топтарын құру, балаларды, техникалық қызметкерлерді, мұғалімдерді және ата-аналарды бағдарлама мақсаттары туралы дұрыс ақпараттандыру ұйытқы болды. Сонымен қоса, мектеп өз алдына білім беру үдерісінің барлық қатысушыларына қатысты зорлық-зомбылықтан және қатігездіктен азат және әркімнің белсенді атсалысуын, әрі өз тәртібі, қылықтары мен іс-әрекеттері үшін жауапты болуын көздейтін аймақ құру міндетін қойды.
«Арнайы сабақтарда біз оқушылармен бірге әртүрлі жағдайларды талдаймыз, сауалнамалар толтырамыз, әлеуметтік мінез-құлықтың жағымды үлгісін қалыптастыру үшін әртүрлі сценарийлер жасаймыз», дейді Татьяна Афанасьева, 6-шы сынып жетекшісі және орыс тілі мұғалімі.
«Бұрын біз не болатынын ойланбастан бір-бірімізді итеріп жіберетінбіз, тіл тигізе алатынбыз. Ал енді өз тәртібіміз бен іс-әрекеттеріміз үшін жауапкершілікті өз мойнымызға алуға тырысамыз. Осы бағдарламаның арқасында менің достарым көбейді», - дейді 8-ші сынып оқушысы Марғұлан.
Ұстаздарға арналған мектептердегі зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы тренингтерді халықаралық ЮНИСЕФ сарапшысы Робин Хаар өткізді, ол балаларға қарсы жасалатын зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін оқу-ағарту үдерісінің барлық қатысушылары арасындағы мінез-құлық дағдыларын өзгерту әдістемесін жасап шығарған.
Конференция әртүрлі облыстардан және облыс аудандарынан келген делегаттар үшін тәжірибе және білім алмасу мүмкіндігін берді. Конференция ҚР Білім және ғылым министрлігімен, ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл кеңсесімен, Шығыс Қазақстан облысының әкімшілігімен, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінмен, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-мен және БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Өкілдігімен ұйымдастырылды.