«ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІПТІ САҚТАУ ЖАЛҒЫЗ ПОЛИЦИЯНЫҢ МІНДЕТІ ЕМЕС»
«Кызылорда ньюс» интернет газетінің кезекті онлайн-конференциясында «мүлдем төзбеушілік» қағидаты бойынша аймағымызда атқарылып жатқан шаралар жөніндегі оқырман сұрақтарына облыстық ІІД әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Алтынбек Ахметов жауап берді.
1-сұрақ: Елбасы тапсырмасынан туындайтын «мүлдем төзбеушілік» қағидаты бойынша қандай жұмыс атқарылып жатыр?
Жауап: Орынды сұрақ. Елбасымыз «... дамыған қоғам барлық жерде тәртіп пен реттілік орнатудан, жайлы подъезден, жинақы ауладан, таза көшеден және жарқын жүзді адамдардан басталады. Біз ең ұсақ құқық бұзушылықпен, бұзақылықпен, мәдениетсіздікпен ымыраға келмеуіміз керек...», - деген болатын. Осыған байланысты ҚР Ішкі істер министрлігі аталған қағидатты қолдану бағытында Әкімшілік кодекстің 9 бабын белгіледі. Ішкі істер органдары жүргізген профилактикалық шаралардың нәтижесінде аталған баптар бойынша барлығы 14 мың 676 құқық бұзушылық анықталса, оның ішінде белгіленбеген орындарда сауда жасағаны үшін 713 азаматқа (ӘҚБтК 165-бабы), облыс орталығын және елдi мекендердің аумақтарын көрiктендiру ережелерiн бұзғаны үшін 1500 азаматқа (ӘҚБтК 387-бабы), қоғамдық орындарды ластағаны үшін 3014 азаматқа (ӘҚБтК 330-бабы), жекелеген қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салуды бұзғаны үшін 1036 азаматқа (ӘҚБтК 336-1-бабы), кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол бергені үшін 33 азаматқа (ӘҚБтК 112-1-бабы) әкімшілік шаралар көрілді.
Жалпы, бұл бағытта ішкі істер органдары мен облыстық ішкі саясат, үкіметтік емес ұйымдардың бірлескен жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.
2-сұрақ: Сонымен қатар қала тұрғындарын тазалыққа шақыру мақсатында қандай іс-шаралар атқарылуда?
Жауап: Елбасы тапсырмасынан туындайтын «мүлдем төзбеушілік» қағидаты негізінде атқарылуы қажетті жұмыстарды тиісінше жандандыру мақсатында Қызылорда ОІІД-і әкімшілік полиция басқармасының ұйымдастыруымен 22-28 тамыз аралығында облыс көлемінде «Тазалық апталығы» жедел-профилактикалық шарасы өткізілді.
Іс-шараның көздейтін мақсаты ‒ қоғамдық орындар мен көшелерде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету арқылы белгіленбеген орындарда сауда жасаудың, ұсақ бұзақылықтардың, қоғамдық орындарды ластаудың, түнгі тыныштықты бұзудың, қоғамдық орындарда спирттік ішімдік ішіп жүрудің, жекелеген қоғамдық орындарда темекі шегудің, кәмелетке толмағандардың түн мезгілінде заңды өкілінсіз бей-берекет жүруінің, сондай-ақ, қалалар мен елді мекендердің көріктендіру ережелерін бұзудың алдын-алу, болдырмау және осы аталған деректерді уақытылы анықтау болып табылады.
Жедел профилактикалық іс-шараға ішкі істер департаментіне қарасты қызмет салаларымен аудандық ішкі істер бөлімдерінен барлығы 416 қызметкер жұмылдырылды.
Мысалға айтар болсақ, іс-шара барысында Шиелі кенті, Досбол-датқа көшесі бойында сағат 14.30-дар шамасында спирттік ішімдік ішіп, қоғамдық орында адамның қадір-қасиетіне әрі қоғамдық имандылыққа нұқсан келтіретіндей жағдайда мас күйінде жүргені үшін облыс тұрғыны «К.С» есімді азамат ұсталып, оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 336-бабының 2-бөлігіне сай хаттама толтырылып, жалпы сомасы 9260 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Түнгі сағат 23.00-ден таңғы сағат 06.00-ге дейін жеке тұрғындардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергі келтіру жауапкершілігі заңмен белгіленген. Алайда, Шиелі ауданының тұрғыны «М.М» есімді азаматқа осы көшенің бойында азаматтардың түнгі тыныштығын бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 333-бабына сай хаттама толтырылып, ескерту жасалған.
Тазалыққа бағытталған профилактикалық, рейдтік іс-шаралар алдағы уақытта да жиі өткізіліп, аталмыш шараларға облыс тұрғындары да ат салысатын болады деген сенімдеміз.
3-сұрақ: Осы құқық бұзушылықтарды анықтауда бейнебақылау камераларының қаншалықты көмегі бар?
Жауап: Пайдасы мол, көптеген құқық бұзушылық осы бейнекамералардың көмегімен анықталады. Жалпы облыс орталығында 216 бейнекамера бар болса, олардың барлығы Қызылорда ҚІІБ-ның Жедел басқару орталығына қосылған. Аталған бейнекамералардың 96-сы көпқабатты үйлердің ауласында орналасқан. Жыл басынан бейнекамералардың көмегімен 126 қылмыс ашылып, 26068 құқық бұзушылық анықталды.
4-сұрақ: Жалпы «Мүлдем төзбеушілік» деген ұғымды түсіндіре өтсеңіз?
Жауап: Жоғарыда айтып өткенімдей, Елбасының Қазақстан халқына жолдауында тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруды тапсырған. Өз сөзінде «... дамыған қоғам барлық жерде тәртіп пен реттілік орнатудан, жайлы подъезден, жинақы ауладан, таза көшеден және жарқын жүзді адамдардан басталады. Біз ең ұсақ құқық бұзушылықпен, бұзақылықпен, мәдениетсіздікпен ымыраға келмеуіміз керек, өйткені, осының өзі қоғам тыныштығын бұзады, өмірдің сапасына селкеу түсіреді. Тәртіпсіздік пен бетімен кетушілікті сезіну одан да елеулі қылмыстарға жол ашады. Ұсақ құқық бұзушылыққа төзбеу ахуалы – қоғамдық тәртіпті нығайтуға, қылмыспен күреске бастайтын маңызды қадам. «Біз құқықтық нигилизмді жеңіп, қоғамды, қоғамдық тәртіпті қорғау ісіне тартуымыз керек...», - деген болатын.
Осыған байланысты ҚР Ішкі Істер министрлігі аталған қағидатты қолдану бағытында азаматтардың құқықтық сана-сезімін қалыптастыруға және қоғамдық тәртіпті нығайтуға тікелей әсер ететін Қазақстан Республикасының Әкімшілік кодексінің 9 баптарын белгіледі. Жекелеп түсіндіретін болсам:
330-бабы. Ұсақ бұзақылық (қоғамдық орынды ластағыны үшін).
(Үштен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады).
Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, осы Кодекстің 55-бабының үшінші бөлігіне сәйкес өздеріне қатысты әкімшілік қамауға алу қолданылмайтын адамдар жасаған іс-әрекеттер айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
112-бабы. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекенінде болуына жол беру.
Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі уақытта (сағат 22.00-ден таңғы 06.00-ға дейін) ойын-сауық мекемелерінде болуына жол беру, ойын-сауық мекемелерінің лауазымды адамдарына ‒ бес, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға ‒ жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, ойын-сауық мекемелерінің лауазымды адамдарына‒ жиырма, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға ‒ елу, қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін тоқтата тұрып, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
165-бабы. Белгіленбеген орындарда сауда жасау (ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады).
387-бабы. Қалалар мен елдімекен аумақтарын көріктендіру ережелерін бұзуы (ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға ‒ айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға ‒ жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға ‒ елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады).
2-рет қылмыс жасаған жеке тұлғаларға ‒ айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға ‒ отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
311-бабы. Иттерді және мысықтарды күтіп ұстау ережелерін бұзу (ескерту жасауға немесе үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады).
Қайталанып жасалған іс-әрекет он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
333-бабы. Тыныштықты бұзу (ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға ‒ екі, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға ‒ он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады).
Жеке тұлғаларға ‒ бес, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға ‒ жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға сексен айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
336-бабы. Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға мас күйiнде келу (екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады). Бір жыл көлемінде екінші рет ұсталса ‒ 5 айлық есептік көрсеткіш, үшінші рет ұсталса ‒15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алуға жатады.
336-1-бабы. Жекелеген қоғамдық орындарда темекi шегуге тыйым салуды бұзу (бiр айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады).
Жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, айлық есептiк көрсеткiштiң екiден беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Жұмыс берушiнiң темекi шегу үшiн арнаулы орындар бөлудi көздейтiн Қазақстан Республикасының заңдарын бұзуы, сондай-ақ бұл үшiн арнаулы белгiленбеген орындарда темекi шегушiлерге шаралар қолданбауы, лауазымды адамға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға ‒ қырыққа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
336-4-бабы. Заңды өкiлдерi еріп жүрмеген кәмелетке толмағандардың тұрғын жайдан тыс жерлерде болуы (заңды өкiлдерiне ескертуге жасауға әкеп соғады).
Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет заңды өкiлдерiне бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5 - сұрақ. Қауіпсіздік жүйесінің интеллектуалды бағытын жандандыру мәселесі бойынша соңғы уақытта көп айтылып жүрген «Қауіпсіз аула» тәжірибесі туралы бірер сөз айтып өтсеңіз...
Жауап: Мысалы, Алматы қаласының ОІІД-мен тұрғындардың және қала қонақтарының қауіпсіздігін сақтау, бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстарының алдын алу, құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында қала көлемінде тұрғын үйлердің аулаларында бейнебақылау камераларын орнату жұмыстары ұйымдастырылып, қазіргі таңда қолданысқа енгізіліп, бейнебақылау камералардың қызметін тиімді пайдалануда. Тұрғын үйлер ауласының қауіпсіздігін сақтау мақсатында «Қауіпсіз аула» қағидаты бойынша енгізілген бұл интеллектуалды жүйелер қылмысқа қарсы күрестің тиімді жолы болып табылуда.
«Қауіпсіз аула» тәжірибесі бойынша – бейнебақылау жүйелері тұрғын үйлер кварталдарына және көпқабатты үйлердің ауласына орналастырылды, онда құқыққа қарсы әрекеттерді анықтау және бейне түсірілімге түсіру жұмыстары Ішкі істер органдарының жұмыстарын жеңілдетіп, құқық бұзушыны анықтап жауапкершілікке тарту жұмыстарына септігін тигізуде.
Осы мақсатта бүгінгі күні ішкі істер органдары тарапынан қала көлемінде бұл интеллектуалды жүйелерді орнатуға ұсыныстар беріліп отыр.
Бүгінгі өткізілген интернет-конференцияда қазіргі таңда өзекті болып саналатын мәселе төңірегінде біраз сөз қозғалды. Айта кетерлік жайт, қоғамдық тәртіпті азаматтарды жазалаумен ғана реттей алмайтынымыз анық. "Қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықты болдырмау – тек полицияның міндеті" деген ұғымнан арылуымыз қажет. Қоғамдағы ұсақ құқық бұзушылықтарға қарсы қоғам болып жұмылдырыла күрессек қана нәтижелердің болатыны сөзсіз. Сол себепті, көзқарасты өзгертіп, ұсақ құқық бұзушылықтармен қоғам болып жұмыла жариялы түрде күресуіміз қажет екенін басып айтқым келеді.