БАНКРОТТЫҚТЫ ЖАРИЯЛАУ ТӘРТІБІ
Қазақстан Республикасының 10.12.2008 жылғы № 99–IV «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (әрі қарай – ҚР Салық кодексі) 26 бабы 1 тармағында салық төлеушінің Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекет алдында туындайтын міндеттемесі «салық міндеттемесі» - деп танылады, осыған орай салық төлеуші мемлекеттік кірістер органында тіркелу есебіне тұруға, салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындауға, салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуге, салықтық нысандарды жасауға, салық тіркелімдерін қоспағанда, салықтық нысандарды мемлекеттік кірістер органына белгіленген мерзімде табыс етуге, салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге міндетті деп аталып көрсетілген.
Мемлекеттік кірістер органдары ҚР Салық кодексінің 614 бабындағы салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу мынадай тәртіппен жүргізеді:
1) банк шоттарындағы ақша есебінен;
2) дебиторлар шоттарынан;
3) билік етуі шектелген мүлкін өткізу есебінен;
4) жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару түрінде.
ҚР Салық кодексінің 620 бабында осы Кодекстің 614-бабында көзделген барлық шаралар қолданылғаннан кейін салық берешегі сомасын салық төлеуші (салық агенті) өтемеген жағдайда, мемлекеттік кірістер органы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес оны банкрот деп тану жөнінде шаралар қолдануға құқылы.
Сондай-ақ, 2014 жылдың 7 наурызында қабылданған №176-V Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» Заңының күшіне енуіне байланысты, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы №67-I «Банкроттық туралы» Заңының күші жойылды.
ҚР «Оңалту және банкроттық туралы» Заңының 5 бабы 1 тармағы 2) тармақшасында борышкер салық берешегі бойынша борышкердің филиалдары мен өкілдіктерінің берешегін қоса алғанда, салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша кредитор алдындағы міндеттемелері оларды орындау мерзімі басталған кезден бастап төрт ай ішінде орындалмау және республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген бір жүз елу айлық есептік көрсеткіштен кем емес соманы құраған жағдайда, төлемге қабілетсіз болып табылады деп аталып көрсетілген. 2015 жылы айлық есептік көрсеткіш 1 982 теңгені құрап отыр, яғни (1 982 х 150) 297 300 теңгеден кем болмауы тиіс.
ҚР «Оңалту және банкроттық туралы» Заңының 11 бабы 2 тармағында:
1) оның мүлкінің меншік иесі, ол уәкілеттік берген орган, заңды тұлғаның құрылтайшылық құжаттармен осыған уәкілеттік берілген органы оны тарату туралы шешім қабылдаған, ал мүлкінің құны кредиторлардың талаптарын толық көлемде қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болған жағдайда өзін банкрот деп тану туралы сотқа жүгінуге;
3) борышкер төлем қабілетсіздігінің басталғаны туралы білген немесе білуге тиіс болған кезден бастап алты ай ішінде өзін банкрот деп тану туралы сотқа жүгінуге міндетті деп аталып көрсетілген.
Осы баптың 2-тармағының 1) – 6) тармақшаларында көзделген талаптарды орындау міндеттеріне кіретін борышкердің лауазымды адамдары борышкердің мүлкі барлық кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болған жағдайда, осы баптың 2-тармағы 1) – 6) тармақшаларының ережелерін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ортақ субсидиарлық жауаптылықта болады.
Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы