ӨЗ БИЗНЕС-ЖОСПАРЛАРЫН ҚОРҒАП ШЫҚТЫ
Қызылорда қаласындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында жастардың старт-ап жобаларын қолдау Бағдарламасының қатысушылары өз бизнес-жоспарларын қорғап шықты.
Оқыту семинарына қатысқан 25 жас екінші деңгейлі банк өкілдері, жастардың қоғамдық бірлестіктерінен және табысты кәсіпкерлерінен құралған әділ қазылар алқасы алдында өз бизнес-жоспарларын қорғады. Әр қатысушы қазыларға өз бизнес идеясына таныстырылым жасап, болашақ бизнесінің қыр-сырларын ашып көрсетті. Бастауыш кәсіпкерлердің арасында өз кәсібін ашып үлгерген және енді оны дамытуды жоспарлағандары да болды. Бизнесін дамытуды ойлаған қатысушылар Даму қорының бағдарламасына қатысуды жөн көрген. Мысалға, Мәншүк Мәметова атындағы педагогикалық колледж студенттері Шаймерден Жауқазын мен Сұлтанбекова Айгерім колледждің бизнес-инкубаторы базасында сувенирлік бұйымдар жасау және ұлттық үлгідегі киімдер тігумен айналысуда. Кәсіпкер қыздардың сөзінше, алғашқы кәсіпкерлік негіздерін үйрететін оқыту курсына колледж директорының ұсынуымен қатысқан және содан кейін өздерінің кәсібін қолға алған.
Жобалардың таныстырылымы соңында қазылар алқасы старт-аппер жастардың 10 үздік жобаларын іріктеп алып, ағымдағы жылдың 23 қарашасында Даму Қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында өтетін «Идеялар марафоны» конкурсына қатысуға жолдады.
Конкурсант атанған жастар:
1. Эсонов Батыржан- «Көшпелі шиномонтаж» Жобасы
2. Төлегенова Ләззат–«Несіпкүл Кондитерлік цехы» Жобасы
3. Құдайбергенова Мөлдір –«Тігін цехы» жобасы
4. Ерғали Әсел және Ердәулет Айнұр - « Логопедия Орталығы» Жобасы
5. Нұрғалиев Ерсұлтан –«Нан өнімдерін шығару» Жобасы
6. Шәкіров Ғани – «Жүк тасымалы» Жобасы
7. Ахметханова Найля–«Пэт-тараларды жинау мен тығыздау» Жобасы
8. Айтбаев Айтөре – «Тері өңдеу кәсіпорнын құру» Жобасы
9. Шәймерден Жауқазын және Сұлтанбекова Айгерім – «Алтын қол дизайнерлік салоны»
10. Жалғасбаев Аман – «Жосалы кентінде жарнама агенттігін құру» Жобасы
Қатысушылар үздіктерді анықтайтын «Идеялар марафоны» конкурсына дайындықты бастап кетті. Жобаның жеңімпазына Даму Қорының кепілдендіруімен старт-аппердің екінші деңгейлі банктен өз бизнесін ашу немесе дамытуғу несие алу үшін бастапқы кепілсомасы ретінде пайдалану мақсатында грант берілетін болады. Сонымен қатар, оқыту бағдарламасына қатысушыларға қайтарымсыз түрде жобаларын қолдау, өз тәжірибелерімен бөлісетін табысты кәсіпкерлерден құралған тәлімгер мен бизнес-тренерлер тарапынан кеңестік қызмет ұсынылатын болады.
Еске сала өтсек, жастардың арасында кәсіпкерлік және инновациялық әлеуетін ашу мен дамыту және жастардың шағын және орта бизнес субъектілері қатарындағы үлесін арттыру мақсатында Даму Қоры тарапынан жастардың старт-аппер жобаларын қолдау бағдарламасы әзірленіп, өз жұмысын бастаған болатын.