АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАММЕН АШЫҚ КЕЛІСІМ
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде агенттік және оның аумақтық департаменттері өкілдерінің қатысуымен бейнебайланыс арқылы "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда жастардың және жастар ұйымдарының, ғылыми және педагогикалық қызметкерлерінің рөлі» тақырыбындағы сұхбат алаңы өткізілді.
Сұхбат алаңына департамент басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңес төрағасы М.Оразали және департамент қызметкерлері, республиканың және өңіріміздің белсенді жастары, ғылыми, педагогикалық қызметкерлер және ғылым мен білім өкілдері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Шара барысында сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік жағдайын жасау және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоғары мәдениетті қалыптастыру мақсатында агенттікпен әзірленген ынтымақтастық туралы ашық келісім құжаты талқыланды.
Ашық келісім сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыруға жалпы қоғамдық күштің біріктірілуін көздейді және осы ұсынылып отырған жаңа бағыт барлық азаматтық қоғам институттарымен біркелкі келісім жасауға ыңғайлы механизм болып табылады.
Ынтымақтастықтың мақсаты – жастар арасында сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік жағдайын жасау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоғары мәдениетті қалыптастыру, сонымен қатар білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру мен тәрбиелеу қызметін күшейту және жандандыру, ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларды және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің бағдарламаларын ұйымдастыру.