2,5 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БАЛА АСЫРАП АЛУ КЕЗЕГІНДЕ ТҰР
Бүгінде Қазақстанда 2,5 мыңнан астам ата-ана бала асырап алу кезегінде тұр. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Білім және ғылым министрлігінің Балалар құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Мәншүк Әбдікәрім айтты.
«Бүгінде республика бойынша 2,5 мыңнан астам ата-ана бала асырап алу кезегінде тұр. Олардың шамамен 10 пайыздан астамы 6 жастан асқан балаларды асырап алуға ниетті. Ал қалғандары жаңа туған нәрестеден бастап 3 жасқа дейінгі сәбиді асырап алғылары келеді», - деді ол.
Оның атап өтуінше, дәл осы жайт еліміздегі бала асырап алуға ниет танытушылардың кезегін қалыптастырып отыр.
«Балалар үйінде мұндай жастағы дені сау, әлеуеттік асырап алушылардың талаптарына сәйкес келетін бала жоқтың қасы. Сондықтан да кезек бар. Біздің балалар үйлеріндегі балалар өздерін асырап алғанды қалайды», - деді М.Әбдікәрім.
Білім және ғылым министрлігінің мәліметіне сәйкес, республикада жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 33 680 бала бар. Олардың ішінде 21 856 бала қазақстандық отбасылардың қамқорлығында, ал 1947-сі патронаттық тәлім-тәрбие алуда.
«ҚазАқпарат»