ТҰРҒЫНДАРҒА ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАУДЫ ЕСКЕРТТІ
Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ №8 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері тұрғындарға өрт қауіпсіздігі жөнінде түсіндірді.
Мамандар айтқандай, газ қондырғыларын қолдану мен от жағу кезінде өрт қауіпсіздігі жағдайларын сақтау басты назарда болуы тиіс. Профилактикалық жұмыстар кезінде нұсқаулықтар, кеңестер, үй аумағында өртке қауіпті нәрселерді болдырмау турасында сөз болды. Төтенше жағдайлар кезінде қандей әрекеттер жасау керектігін айтты. Тұрғын үй иелеріне көрсетілген кемшіліктерді жөнге келтіру туралы ұсыныс жасалды. Тұрғындар ереже-кеңестерді естен шығармауға уәде берді.
Соңғы 10 ай көлемінде №8 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері 1200 үйді аралап, 4500-ден астам тұрғынмен кездесті. Әрбір әңгімелесушіге өрт қауіпсіздігі шаралары мен ережесі жөнінде жадынамалар таратты.
Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және
авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ