ХҚКО БӨЛІМІНДЕ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТТІ
«ХҚКО» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының №4 бөлімінде Қызылорда төтенше жағдайлар департаментімен бірлескен оқу-жаттығу өтті. Бұл туралы орталықтың баспасөз қызметі хабарлады.
Бөлім қаладан шалғайда орналасқандықтан қызмет алуға келген азаматтар мен қызметкерлердің қауіпсіздігін сақтау, өмірлеріне зиян келетін әрекеттерден сақтау мақсатында төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылып тұрады. Кезекті шара ғимараттың серверлік бөлімінде өрт шыққаны туралы шұғыл дабылмен басталды. Қызмет тұтынушылар мен қызметкерлер эвакуациялық жоспарға сәйкес бөлімнен сыртқа шығарылып, шұғыл шаралар жүргізілді. Нәтижесінде өрт сөндірілді.