КЕЙ МЕМЛЕКЕТТЕРДЕН РЕСЕЙГЕ АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАСЫМАЛДАУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНДЫ
Ресей Президенті өз жарлығымен АҚШ, Еуроодаққа мүше елдерден, Канададан, Австралия және Норвегия корольдігінен бірқатар азық-түлік тауарларын әкелуге тыйым салды.
Олар: тоңазытылған, мұздатылған, сүрленген, кептірілген ірі қара мен шошқа еттері, балықтар, шаяндардың кейбір түрлері, сүт өнімдері, көкөністер мен түрлі жидектер, жаңғақтар, дайын ірімшік түрлері және өсімдік майы негізінде дайындалған бірқатар сүт тағамдары.
Аталған мемлекеттерден нақты азық түрлерін енгізуге тыйым сала отырып, Ресей президенті ауыл шаруашылығы министрлігіне, атқарушы органдарға осы тағам түрлерін өндіру көлемін арттыруға, бағасын көтермеуді бақылауға тапсырма берген.
Кеден одағының Кеден кодексінің 216-бабының, сонымен қатар бірыңғай кеден аумағына үшінші елдерден әкелінетін тауарларға салынатын тыйымға қатысты тәртіп туралы келісімнің 9-бабының талаптарына сай Одаққа мүше елдер уақытша шараларға қолдау көрсетуі тиіс. Сондықтан Ресейге бағыт алған бұл тауарларға біздің еліміз арқылы транзитке де жол жоқ.
Жарлыққа 6 тамызда қол қойылған, тыйым мерзімі – 1 жыл. Тауар түрлері Кеден одағының сырқы сауда номенклатурасы бойынша нақты кодтармен белгіленген.
Б.ОРДАНОВА,
облыстық кедендік бақылау департаментінің
баспасөз қызметінің бас маманы