ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІНІҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ
ҚР қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде құқық қорғау органдарының заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру Кеңесінің көшпелі отырысы өтті.
Облыс прокуроры С.Нұрпейісов төрағалық еткен жиында мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстардың жай-күйі талқыланды. Оған департамент басшысы М.Қарымсақов, кеңес мүшелері, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік органдардың басшылары қатысты. Отырыста сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлдем төзбеушілік» қағидасын қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру нәтижелері туралымемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.Байхожаев баяндама жасады.
Мәселені талқылау нәтижесімен Үйлестіру кеңесі алдағы уақытта мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды одан әрі жетілдіру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу туралы ұсыныстар енгізді.