КУӘЛАР БЕЙНЕБАЙЛАНЫС АРҚЫЛЫ ЖАУАП БЕРДІ
Қазіргі таңда Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өсіруге тыйым салынған, құрамында есірткі заттар бар өсімдіктерді еккен және есірткі заттарды өте ірі мөлшерде сақтаған жөнінде қылмыстық іс қаралуда.
Аталған қылмыс алдын ала сөз байласқан адамдар тобымен 2011 жылы жасалған. Сол мезгілде, оларды қылмыс жасаған жерінде ұстау кезінде, күдіктілердің біреуі қашып кеткен. Оған іздеу салынған. Қалған үш қылмыскер жөнінде іс 2012 жылы қаралып, оларға қатысты айыптау үкім қабылданған. Қазіргі күні олар сот үкімімен белгіленген жазаларын өтеуде.
Іздеу салынған күдікті ұсталып, оған қатысты іс қаралуда. Басты сот талқылауында онымен бірге қылмыс жасаған, қазіргі күні ЗК-169/5 мекемесінде жазаларын өтеп жатқан адамдардан, куә ретінде жауап алу керек болды.
Іс бойынша төрағалық етуші судья С.Сүлеймен бейнебайланыс жүйесін пайдаланып, сотталғандарды сот залына алдыртпай, олардан жауап алды және іске қатысқан прокурор, қорғаушылар және сотталушы оларға сұрақтарын қойды.
Қазіргі кезде соттар күнделікті жұмысында озық технологияларды белсенді пайдалануда. Атап айтқанда, сот процестерін дыбыс-бейнежазу құралын пайдалану арқылы қарау, іске қатысушыларды СМС жолдау арқылы сотқа шақыру, «Сот кабинеті» сервисі арқылы арыздарды жолдау және т.б.
Бейнебайланыс жүйесін қолданудың артықшылығы - ол үлкен қашықтықтағы, басқа қаладағы адамдармен еш кедергісіз сөйлесу. Сөйлескеннен басқа, сот процеске қатысушылармен жазасын өтеп жатқан жерінде отырған, жауап беріп жатқан адамдар бірі бірінің бейнесін жақсы көре алады. Аталған сервисті пайдалану уақытты, сотталған адамдарды сот ғимаратына жеткізуге кететін шығындарды үнемдейді, оларды жеткізу кезінде туындайтын қиындықтар мен қауіптерден сақтайды.
Қызылорда облысының қылмыстық
істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының
баспасөз қызметі