ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДАҒЫ БАЛАЛАР ЛАГЕРІ ҚАРТТАРҒА ДА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ
Қызылорда облысындағы «Ақтерек» балалар лагері қарттарға да қызмет көрсетеді, деп хабарлады 24kz.
Мамандар әлеуметтік нысандар қыс мезгілінде қаңырап бос тұрмауы тиіс деп отыр. Жаз бойы 400-дей бала асыр салып ойнаған лагерьде қазір еңбек ардагерлері ем-дом қабылдап жатыр.
Халық әндерін тамылжытып орындайтын әжелер ансамблі бүгін сауықтыру орталығында өнер көрсетті. Тынығу кешенінде жатқан 20 қарт әсерлі әуенге елітіп, әңгіме-дүкен құрып, көңілдері серпіліп қалды.
- Ем жағынан, демалыс жағынан барлық жағдай жасалған. Кітапхана да бар, асхана іште, тамақты 6 мезгіл дайындайды. Үлкен кісілердің көңіл-күйлері жақсы, - деді cауықтыру лагерінің директоры Айдос Бектасов.
4 ауысымда ауданның еңбек озаттары мен зейнеткерлерінен құралған 80 қария қамтылмақ. Қарттардың бар шығынын ауылдық кәсіпкерлер өтеуде. Қазірде «Ақтерек» лагерін жаңғыртып, кеңейту жұмыстары жоспарлануда.
Алдағы жазғы демалыс маусымында тынығушы балалар саны тағы 200-ге көбейеді. Тиісінше ардагерлерді де көптеп қамту мүмкіндігі туады.