СЕНБІЛІКТЕР ЖАЛҒАСУДА
Күннің салқындығына қарамастан Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қызметкерлері сеңбілікке шықты. Олар сот ғимаратының ішінде тазалау жұмыстарын жүргізді. Кабинеттер мен сот мәжілісі залдарының жиһаздары мен дәліздерде ілініп тұрған стенділер жарқыратып сүртілді. Одан басқа, әр қызметкер өзінің қызметтік бөлмесіндегі папкалар мен қағаздарды реттеп, керек емес қоқысты тастады.
Жақсы дәстүр жалғасуда. Күздің ызғар, жаңбырлы күніне қарамастан сеңбілік өткізілуде, себебі жұмыс күндері айналасын тазалауға уақыт жетпейді, ал айына бір рет өзінің қызметтік бөлмесін тазартып отыру қызметкердің өзіне де жақсы.
Қызылорда облысының қылмыстық істер
жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі