БІЛІМ МИНИСТРЛІГІНІҢ БИЗНЕСІ
Оқу жылы басталғалы оқулық іздеген ата-аналар кітап дүкендерін аралап сабылып жүр. Таңертеңнен кешке дейін кезекте тұрып, соңында іздегенін таппай кетіп жатқандары да жетерлік. Бұл туралы «31 арна» тілшісі хабарлады.
Жыл сайын қайталанатын бұл қарбаласты қараша халық білім министрлігінің пайда табу үшін жасаған әрекеті деп отыр. Әр оқу жылында жаңа кітапты талап етіп, айналдырған 1-2 баспахананың оқулығын сұратуын басқаша түсіндіру мүмкін емес дейді жұрт. Елді толғандырған бұл мәселені мәжіліс депутаттары енді біліп, білім министрлігіне сауал жолдады.
Мұндай дүрлігуге жыл сайын жаңа оқулықты талап етуі себеп болып отыр. Оның үстіне мектептердің тек белгілі бір баспаханадан шыққан оқулықтарды әкел деп әбігерге салатыны тағы бар. Басқа баспада өзгеше мәлімет жазыла ма, ол жағын бүгінге дейін нақты ешкім түсіндірген емес. Оқу жылының алдында жыл сайын қайталанатын бұл жағдай парламент депутаттарына енді ғана жетіпті. Мәжіліс депутаттары миллиондап ақша бөлінсе де кітап тапшылығына жол берген білім министрлігін сынға алды.
Алмас Тұртаев,
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Негізі мұғалімдер мен оқушылардың ата-аналарға қойып отырған талабы "мынандай авторды алып кел, мынандай оқулықты алып кел дегеннің өзінен жемқорлықтың иісі шығады. Және ол кітаптар өте күрделі оқып қарасаңыздар. Ересек адамдардың да түсінуі қиын. Қазіргі таңда өкінішке қарай оқулықтардың жылда жаңаруы қоғамда "бұл министрліктің бизнесі" деген көзқарас қалыптасып үлгірді.