АБАЙ АУЫЛЫНДА МАЛ ҰРЛЫҒЫ ТЫЙЫЛМАЙ ТҰР
Қосшыңырау ауылдық округіне қарасты Абай ауылында 500-ге жақын түтін болса, оларда барлығы 3 мыңдай жан тұрады. Ауыл тұрғындары ата кәсіп-мал бағу мен егіншілікпен сосын бизнеспен тірлік етуде. Бірақ соңғы жылдары елді мекен халқының тынышы кетіп тұр, деп жазады «Қоғам тв» арнасының сайты.
Күн көрістері үшін бағып отырған малдарын ұрлау белең алып барады. Былтыр 17 ұрлық тіркелсе, биыл одан асып түсті. Одан қалай құтылу керек. Нұротандықтар кездесуде осы жағын талқылады. Ауылда жалпы үстіміздегі жылдың 10 айында 26 қылмыс тіркелген болса, оның 20-сы мал ұрлығы. Малдардың көбісі өрісте жайылып жүргенде қолды болған. Қорадан ұрланғандары да жоқ емес. Күні бүгінге дейін тек төрт қылмыс қана ашылған, қалғандары дерексіз. Жиында біреулер «аңға шыққандар ішінен семізін таңдап, атып алады десе енді біреулері ешкімнен қауіпсінбей сол жақта сойып та алған», - дейді. Әрине бос жүрген малға ұры көп. Сондықтан тұрғындар азын-аулақ ақшаларын қиып, бақташыға төлесе, мұндай қылмыстық әрекеттер болмас та еді.