АНАЛАР ҮЙІ – ШАЛЫС ҚАДАМ БАСҚАНДАРҒА ТІРЕК
Қызылордадағы Аналар үйінде бүгінде 26 қыз бар. Арасында сәби сүйіп үлгергені де, өмірге сәби әкелер күнін тағатсыздана күтіп жүргендері де жоқ емес.
Жергілікті «Қоғам» телеарнасы тілшісінің хабарлауынша, мұндай үй елімізде 17 қалада бар екен. Шалыс қадам басқан 400-ге жуық жан сол орындардан пана тапқан. Қызылорда облысындағы үйдің үйлестірушісі Баян Молдашева әрбір келушінің ата-анасымен, тастап кеткен жігітімен сөйлесетінін айтады. «Баладан бас тартпауға көндіремін», - дейді.
Әзірге іштен шыққан шаранасын тастауға дәті бармаған жас аналарға Аналар үйі тірек болып тұр. Ондағы бойжеткендер бір үйдің қыздарындай үй шаруасын бірігіп атқарады. Қор құрылғалы бері 15 әйел өз отбасымен қауышыпты. 50-ге жуық бала жетімдік қамытынан құтылған.