АЛАЯҚТЫҚ ҚЫЛМЫСТАРЫНЫҢ 75,5%-Ы АШЫЛДЫ
Биыл 10 айда облыста 1 155 алаяқтық қылмысы тіркеліп, соның 75,5%-ы ашылса, 495-і сотқа жолданған. Бұл туралы Қызылорда ОІІД криминалды полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ғ.Төлебаев мәлімдеді.
Қылмыстардың 883-і – қарызға ақша алып қайтармағандарға, 20-сы – келісімшарт жасасып, оны орындамағандарға, 37-сі – несие алдырып, төлемегендерге, ал 39-ы – телефон арқылы сенімге кіріп, ақша аудартып алғандарға қатысты. Ғ.Төлебаев осы орайда халықты ешкімнің арбауында кетпей, кез келген істі заң шеңберінде жүзеге асыруға, маңдай термен тапқанына ұқыпты болуға шақырды.