ЖҮК ТАСУ ТАЛАПТАРЫ ӨЗГЕРДІ
Автодәліздің басым бөлігі салынып бітті. Ендігі тек айналма жолдармен каналдардың үстіндегі көпірлер ғана қалған. Оны Еуропа нарығында тәжірибесі бар «Еуразком» компаниясы атқаруда.
Құрылысты жыл аяғына дейін бітіру межеленген. Қызылорда қоғамдық телеарнасы хабарлағандай, алайда, компания жұмысшылары 1 қарашадан бастап жұмысқа шықпаған. Жүк көліктері қаңтарылып тұр. Ірі көлемдегі жүк таситын бұл көліктер 2011 жылы әкелінген. Техникалық паспорттарында 41 тонна деп көрсетіліпті. Заңдылыққа сәйкес бұл жолда 36 тоннадан артық жүк тасымалдауға болмайды. «Қарашадан бастап күшіне енген осы заң бойынша тәртіпке келтіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз», - дейді көліктік бақылау инспекциясының өкілдері.
Заң 2015 жылдың ақпанында шыққан. Одан бері шетелдік компания басшыларына танытыстырылып, алдын ала ескерту жұмыстары жүргізіліпті. Бірақ әзірбайжандық басшылар құжат реттеуге асыға қоймаған. Енді жұмысшылар зардап шегіп отыр. Жүк тасымалдаған уақыттарына ғана жалақы жазылатын олар «қарашада пұлсыз қаламыз» деп қорқады. Инспекция мамандары болса, «заңға бағынуы керек» деп, өз құзыреттіліктерін алға тартады. Сондықтан компания басшылығы дер кезінде құжаттарын реттеп беруі тиіс.