КӘСІПКЕР РЕТІНДЕ ТІРКЕЛМЕСТЕН ТІС ЕМХАНАСЫН ЗАҢСЫЗ АШҚАН
Байқоңыр қалалық сотында құқық бұзушы Т.-ның ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы әкімшілік ісі қаралды.
Іс құжаттарына сәйкес құқық бұзушы Т. Төретам қыстағының Мұратбаев көшесінде орналасқан тіс емдеу клиникасында мемлекеттік кірістер басқармасына дара кәсіпкер ретінде тіркелместен тіс емдеу қызметімен айналысқан, яғни әрекеттерінде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ кәсіпкерлік қызметпен айналысқан.
Сот қаулысымен құқық бұзушы Т. ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 29730 теңге әкімшілік айыппұл салынды.
Қаулы заңды күшіне енбеген.
Байқоңыр қалалық сотының баспасөз қызметі