БҰРЫНҒЫ БАСШЫ – БІР ЖАҚ, ЖҰМЫСШЫЛАР – БІР ЖАҚ
«31 арна» тілшісі хабарлағандай, Жаңақорғандағы «Альянс Доломит» ЖШС жұмысшыларының бірі «қашып кетті» деп айыптаған бұрынғы басшылардың бірі – Болат Қалтаев «компания өзіме де берешек» деп отыр.
Қиыршық тас өндірумен айналысатын серіктестіктің қырыққа жуық жұмысшысы еңбекақысыз қалғандарына соны кінәлаған болатын. Алайда, Болат Қалтаев «31 арна» редакциясына барып, «ешқайда қашпадым» деп мәлімдеген. Тек ресми түрде жұмыстан шығып, Алматыға жұмыс істеуге кетіпті. Ал жаңа басшылық жұмысшыларға айлықтарын төрт-бес айда төлеуге тырысамыз деп уәде берген.