МЕКТЕП АСХАНАЛАРЫНДА ҰСЫНЫЛЫП ОТЫРҒАН ТАМАҚ ӨТЕ ЗИЯНДЫ
Бұл туралы ҚТА және ҰСТО президенті, медицина ғылымдарының докторы Төрегелді Шарманов Қазақ тағамтану академиясы, Профилактикалық медицина академиясы және Ұлттық салауатты тағамтану орталығы өткізген баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Мектеп асханасы жаман. Біз онымен айналысқанбыз. Біз әрдайым ескерту жасаймыз. Онда кока-кола деген үзілмейді. Ал кока-кола деген өте қауіпті сусын. Оқушыларды одан арылту керек. Оның құрамында 40 грамм қант бар. Бұл семіздікке, қант диабеті, остеопороз ауруларына шалдықтырады. Мен бұл компанияның шақыруымен Америкада болдым. Өйткені, біз бұл сусынға қарсы болдық. Сондай-ақ, жылдам дайындалатын чипсілерді, гамбургерлерді жемеу керек. Бұл өте қауіпті тағамдар әртүрлі ауруларға себеп болады. Әсіресе, диабет ауруына шалдықтырады», - дейді ҚТА президенті.
Сондай-ақ, ол экономикалық жағдайға байланысты азық-түлік жиынтығын әзірлеп жатқандықтарын айтты. «Біз азық-түлік жиынтығын ең төменгі жалақымен есептейміз, өнімдермен қатар, олардың құрамындағы пайдалы заттарды ескереміз. Жиынтықтың 100 пайызын қарастырсақ, оның 25-30 пайызы майлар, 50 пайыздан астамы көмірсулар болуы керек, оның ішіне нан кіреді. 11-13 пайызы ақуыз бен басқа да дәрумендер болуы тиіс», - дейді Төрегелді Шарманов.
Оның айтуынша, нан мен сүт дастарқанда міндетті түрде болуы керек. Олардың бағасы да қолжетімді болуы тиіс. «Қандай экономикалық жағдай болмасын, нан мен сүт болған жерде өлмейсің. Көкөніс пен жеміс-жидек те етке қарағанда арзан әрі оларды жеген пайдалы», - дейді Қазақстан тағамтану академиясының президенті.