ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ТЕРРОРИЗМ АКТІСІ ЖАЙЛЫ ЖАЛҒАН МӘЛІМЕТ БЕРУ БОЙЫНША 4 ДЕРЕК ТІРКЕЛДІ
Жыл басынан бері терроризм актісі жайлы жалған мәлімет беру бойынша жедел басқару орталығының пультіне 4 жалған хабарлама түсті, деп хабарлайды Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі.
Жүргізілген арнайы жедел-іздестіру шаралары барысында жалған хабарлама таратқан күдікті азаматтар ұсталып, оларға қатысты қылмыстық істер қозғалып, тиісті шешім қабылдану үшін Қызылорда қалалық сотына жолданды.
«Аталған қылмыстық іс-әрекет ауыр қылмыстар санатына жатқызылатынын ескере отырып, бүгінгі күні қолда бар заманауи техникалық құралдармен терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама берген азаматтардың жүрген жерін және жеке басын анықтау ешбір қиындық туғызбайтынын ескертеміз», - делінген хабарламада.
ҚР Қылмыстық Кодексіне жаңа өзгерістер мен толықтырулар жасалып, ағымдағы жылдың 01 қаңтарынан бастап күшіне енгені белгілі. Жаңа заңнамаларға енгізілген түбегейлі жаңа нормалардың негізінде бірнеше баптардың мазмұны мен төркіні қатаңдатып отыр. Кодекс тұжырымдарына сәйкес, қоғамға зиян келтіру қатерін туғызатын іс-әрекет, қылмыс саналатын – экстремизм мен терроризм әрекеттері үшін де жауапкершілік күшейтілді. Жаңадан қабылданған заңнама бойынша Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау 273-бап болып өзгертіліп, шара ретінде алты жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады деп көрсетілген. Яғни, күшін жойған Кодекстегі «екі жүзден бес жүзге дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге әкеп соғады» деген бөлімдер алынып тасталғанын байқауға болады.
Аталған қылмысты жасаған азаматтар немесе кәмелетке толмаған тұлғалардың ата-анасы ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылады. Сондай-ақ, Қылмыстық кодексте көрсетілген жауапкершіліктен бөлек аталған құқыққа қарсы әрекеті үшін мемлекеттік органдарға келтірген залалын толық мөлшерде өтейді.