ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ КӨМЕК БЕРДІ
«Жол жүрісі қауіпсіздігі апталығы» республикалық акциясы аясында Қызылорда облысы ішкі істер департаменті әкімшілік полиция басқармасы аппаратының қызметкерлері мен жол-патрульдік полицейлер жол апатынан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету мақсатында қан тапсыру шарасын ұйымдастырды.
Жылдағы үрдіске айналған бұл шараға қан орталығының қызметкерлері арнайы жабдықталған құралдарымен әкімшілік полиция басқармасының ғимаратына келді. Қамқорлық акциясына 100-ге жуық қызметкер қатысып, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің «қиналғанға қол ұшын бер» принципін басшылыққа алатындарын тағы да дәлелдеді.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі