ЖЕТІМ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН АРНАЙЫ БАҒДАРЛАМА ӘЗІРЛЕНДІ
Ата-ананың қамқорлығынсыз ер жеткен 7 мыңнан аса жеткіншек енді қалаған оқу орнына түсіп, қажетті маман иесі атана алады. «Бөбек» қоры жетімдерді қолдау мақсатында білім депозиті бағдарламасын жүзеге асыра бастады. Тіпті қазірдің өзінде осы игі бастаманың арқасында 80 студент асқақ армандарына қол жеткізді.
«24 kz» телеарнасы хабарлағандай, «Бөбек» қоры жетім балаларды қолдау мақсатында осыдан тура 1 жыл бұрын арнайы бағдарлама даярлаған болатын. Жинақтау жүйесінің құрылымы қарапайым. Яғни әр бүлдіршін атына есепшот ашылып, қордан қаржы бөлінеді. Мамандардың айтуынша, бұл депозит кейін қалаған маман иесі атануға толығымен жеткілікті. Өйткені банк ай сайын 10 пайыз үстемақы, ал мемлекет жыл сайын 7 пайыз сыйақы қосып отырады.
Земфира Әбжекенова,
ҚР БҒМ «Қаржы орталығы» АҚ департаментінің директоры:
- Өткен жылы жинақтау жүйесінің нақты есептік болжамын жасадық. Яғни, қордағы қаржы тек баланың білім алуына ғана емес, басқа да қажеттілігіне жету керек. Сондықтан банк үстемақысы мен мемлекет сыйақысын қостық. Сонда қажетті сома шығады. Білім депозиті бар талапкер жоғарғы оқу орнының грантына ие болса, қордағы қаржы оның жеке қолданысына беріледі. Яғни, не қажетіне жұмсайды, не магистратураға алып қоя алады.
Ерекшелігі сол – мұндай қолдау үшін жетімдердің мемлекет алында ешқандай міндеттемесі болмайды. Басты мақсат – талабы таудай жастарға қолдау жасап, мүмкіндік беру. Мәселен, 19 жастағы Руслан осы бағдарламаның арқасында қалаған жоғарғы оқу орнына түсіп, қажетті білімін алуда. Ол – болашақ дизайнер. Руслан Балакин, студент: - Елімізде болатын маңызды шаралардың логотиптерін жасағым келеді. Қазір оқуымның ақысы – жылына 300 мың теңге. Алайда алдағы уақытта ол өзгеруі мүмкін. Ең жақсысы білім депозитінде мұндай жағдайлар ескерілген. Игі бастама бас-аяғы бір жылдың ішінде жақсы нәтиже беріп үлгерді. Сондықтан оны жалғастыру жөнінде шешім қабылданып, қор қосымша 400 миллион теңге бөлді. Ал бағдарлама ұйымдастырушылары шараға еліміздегі қалталы азаматтар мен қоғамдық қорлар да қосылады деп үміттенеді.