ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІЛЕР ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛУДА
Қызылорданың түзеу мекемесінде отырған сотталған азаматтар әдетінше өздері жұмыс істейтін цехқа асығады. Өйткені ондағы еңбек олардың ойын сергітіп, өмірге деген көзқарастарын өзгертетіндей.
Жазасын өтеуші Ақар Бұртаев қазір «Ас-Ка» тігін цехында еңбек етіп, мекемелерге арнайы киім тігеді. Қызылорда қоғамдық телеарнасы хабарлағандай, бір жыл бұрын цех ішіндегі кәсіптік мектептен тігінші мамандығын бітіріп шыққан ол – бүгінде өз ісінің шебері. «Ай сайын жалақымды отбасыма аударып тұрамын», - дейді.
Жеке кәсіпкер Бағлан Мұсабаев мамыр айында түзеу мекемесінің ішінде кәсібін бастаған болатын. Тапсырыс арқылы структуралық мүсіндер, кәдесый, гүлзарлар жасап, пайда табады. Мейрамханалар мен балабақшалардан бұл бұйымдарға сұраныс бар. «Жұмабаев» жеке кәсіпкерлігі ағаш бұйымдар жасаумен айналысады. Кәсіп иесі мүсін жасаудың қыр-сырын Мәскеуге барып оқып-үйреніп, енді жазасын өтеушілерге үйретуде. Осы кәсібінің арқасында 20 адамды жұмыспен қамтыды.
Ал «Ер-Жас» ЖШС газоблок шығаратын цех ашқан. Үш айдан бері үздіксіз жұмыс жасап келеді. Он жұмысшысы бар өнеркәсіп орны күніне 200 газоблок шығарады. Кәсіпті бастарда «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорынан 15 млн. теңге несие алған. Сондай-ақ мұнда жер үйлердің ауласына қақпа жасайтын, қоян асырайтын кәсіпкерлер де бар.