КӨПҚАБАТТЫ ҮЙДЕ СУЫҚ СУДЫҢ ОРНЫНА ЫСТЫҚ СУ АҒЫП ТҰР
Қызылордадағы 90 пәтерлі көп қабатты үйлердің бірінде суық судың орнына ыстық су ағып тұр. Тұрғындар судың жағымсыз иісі мен дәмі бар екенін айтады.
Ал қалалық су арнасының өкілдері мұндай жағдай тек үш пәтерге ғана тиесілі екенін жеткізді. Бірақ «Астана» телеарнасының тілшісі бірнеше пәтерге кіріп, шүмекті ашып көрген еді. Барлығынан ыстық су ақты. Таң атпай екі шелегін ұстаған Тілеукүл апа, «бүгін кімнің есігін қағып, су сұрасам екен?» деп жүр. Оның суды сұрап ішіп отырғанына бір ай болған. Оның өзін екі көшеден кейін тұратын көршілерден тасиды. Тұрғындардың пайымынша, суық су ағатын шүмекке келіп тұрған ыстық су жылу құбырынан келіп жатыр.
«Астана» телеарнасы хабарлағандай, тұрғындар тиісті мекемелерге хабарласқан. Бірақ ешкім мәселеге құлақ түрмепті. Ал «Қызылорда су жүйесі» мемлекеттік кәсіпорнының басшысы бұл мәселе тек үш пәтерге тиесілі, олардың шүмектері істен шыққан, деді.
Нұржан Диқанбаев,
«Қызылорда су жүйесі» МКК басшысы:
- Жұмысшылар тексергенде 44, 49 және 50-пәтерде сонай фактілер болды. Бірақ пәтердің қайсында сондай сантехникалық құрал істемей тұрғаны не КСК-ның жұмысы, не пәтер иелерінің жұмысы.
Дейтұрғанмен, бұл жауапқа тұрғындардың сенгісі жоқ. Олардың болжамынша, суық судың жоғалып кетуіне жуырда көрші Лапин көшесіндегі жылу құбырына жасалған жөндеу жұмыстары себеп. Олар тиісті мекеме мамандарының баспанада толық зерттеу жүргізуін талап етеді. Біз он екі пәтерді кіріп, шүмектерін ағызып көрдік. Барлығында суық су орнына ыстық су ағып тұр.