ЖОО-ЛАРЫНДА ХҚКО АРҚЫЛЫ ҚЫЗМЕТТЕР АЛУ НЕГІЗДЕРІ ОҚЫТЫЛАДЫ
Алдағы оқу жылында «Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік қызметтер ұсыну негіздері» элективті пәні Т.Рысқұлов атындағы университетінің, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің және А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенттеріне оқытылатын болады. Бұл туралы «ХҚКО» МКК баспасөз қызметінен хабарлады.
«Аталған пән 2013 жылы «Тұран-Астана» университетінде және Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ Экономикалық колледжінің «Заңтану», «Менеджмент» және «Мемлекеттік және жергілікті басқару» факультеттерінің 1 және 2 курс студенттеріне оқытылды. Сабақтарды «ХҚКО» РМК Астана және Алматы қалалары бойынша филиалдарының қызметкерлері жүргізді. Жаңа оқу жылында осы оқу орындарында пәннің академиялық сағаттар саны 3 есеге артқалы отыр», - делінген хабарламада.
Бағдарлама аясында студенттер халыққа қызмет көрсету орталықтарында қандай қызметтер алуға болатындығын, электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер алудың басымдығы туралы біле алатын болады, egov.kz порталының мүмкіндіктерімен, ЭЦҚ қолдану тәртібімен танысады. Элективті пәннің мазмұны кәсіби қызығушылықтарды қанағаттандыруға, ХҚКО-лар және электрондық үкімет порталы туралы білімді тәжірибе жүзінде қолдану дағдыларын игеруге мүмкіндік береді.
Студенттерден бөлек, ХҚКО-лар қызметтерін ұйымдастыру мәселелері бойынша біліктілікті арттыру, инспекторлардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтер ұсыну талаптары мен сапасын арттыру мақсатында ХҚКО бөлімдерінің 100 басшысы оқытудан өтеді. ХҚКО қызметкерлеріне іріктеп алынған ЖОО оқытушылар құрамы сабақ беретін болады. Жыл сайын ХҚКО қызметкерлері ҚР заңнамасын, мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары мен регламенттерін білуге тексерістен өтетіндігі баршамызға мәлім.
«ҚазАқпарат»