БҮЛДІРШІНДЕР ЖОЛ ЕРЕЖЕСІ ТУРАЛЫ МУЛЬТФИЛЬМДІ ТАМАШАЛАДЫ
Қызылордада «Жол жүрісі қауіпсіздігі апталығы» акциясы аясында қызылордалық полицейлер балабақша тәрбиеленушілерімен кездесті, - деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.
Қарашаның үшінші жексенбісі – жол-көлік оқиғасы құрбандарын Дүниежүзілік еске алу күні. Соған орай облыстық ІІД-нің ұйымдастыруымен «Жол жүрісі қауіпсіздігі апталығы» республикалық акциясы өтуде. Акция аясында әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері «Жұлдыз» мектепке дейінгі мекемесінің бүлдіршіндерімен кездесті.
3-5 жас аралығындағы балабақша тәрбиеленушілеріне жолда жүру ережелерін түсіндіріп, «Жолдос көмекке асығады» анимациялық мультфильмін көрсетті. Түрлі-түсті суреттерден құралған, жол қозғалысы ережелерінен сақтауға шақыратын көрнекі үгіт-насихат құралдары таратылып, жарық шағылыстыратын фликерлер сыйға берілді.