ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ САЛАСЫНДА 11 ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС АНЫҚТАЛДЫ
Осы жылдың он айында Қызылордада діни экстремизм саласында 16 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Соның ішінде мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін БАҚ өнімін дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау дерегі бойынша – 4, заңнамада белгіленген тәртіппен тіркелмеген қоғамдық, діни бірлестіктердің қызметіне басшылық жасау, олардың қызметін қаржыландыру дерегі бойынша – 1, діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу дерегі бойынша 11 құқықбұзушылық анықталды.
Діни экстремизм саласында барлығы 11 қылмыстық іс анықталды. Оның ішінде терроризм актiсi туралы жалған хабарлама – 4, әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру дерегі бойынша 7 қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.