«ҚАЙСАР» БАСШЫЛЫҒЫ МЕН БАПКЕРЛЕР АЛҚАСЫ ҚЫЗМЕТТЕРІНЕН БОСАДЫ
«Қайсар» футбол клубының басшылығы және бапкерлер алқасы толық қызметінен босады. Бұл туралы кеше жанкүйерлермен болған кездесуде Қызылорда облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Cадық Мұстафаев мәлімдеді.
«Қайсар» ФК-ның медиа-офицері Әзиз Оразбаевтың хабарлауынша, «Мұз айдыны» спорт кешенінің мәжіліс залында өткен кездесуге журналистерден бөлек жүзге жуық жанкүйер қатысып, әрқайсысы маусым жайлы өз ойларын білдіруге мүмкіндік алды. Ал «Қайсар» тарапынан директор Нұржан Жалғасбаев, бас бапкер Федор Щербаченко, капитан Мартин Кляйн және қызылордалық футболшылар Жасұлан Молдақараев пен Алдан Балтаев қатысты. Сөз кезегін алдымен облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Садық Мұстафаев алып, клубтағы соңғы өзгерістер жайлы жаңалықтарды халыққа жеткізді.
- Әлбетте, жаңа басшылықта, жаңа бапкерлер құрамында команданы өрге сүйреу үшін уақыт көп болған жоқ. Дегенмен, бұл мамандарды шақырғанда алдарына «Қайсарды» Премьер-лигада сақтап қалуы жөнінде тапсырма қойғанбыз. Тапсырма орындалмады. Өкінішке қарай, команда Бірінші лигаға ұшып кетті. Сондықтан, облыс әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаевтың шешімімен клуб басшылығы Нұржан Жалғасбаевтан бастап, бас бапкер Федор Щербаченко бастаған жаттықтырушылар алқасына дейін қызметтерінен босатылып отыр. Біз бұл мамандардың алдағы жұмыстарына табыс тілейміз. Ал «Қайсарды» келесі маусымда Премьер-лигаға қайта шығаруға бар күшімізді саламыз. Клубты кімнің басқаратынын, команданы кімнің жаттықтыратынын алдағы уақытта шешеміз, - деді Садық Шоңмұрынұлы.

Осыдан кейін жанкүйерлер сұрақ қоюға мүмкіндік алып, облыстық спорт басшысына сауалдарын жаудыртып жатты. «Федор Щербаченконы «Қайсарға» алып келген кім?», - деді мәжіліске қатысқан ардагер жанкүйерлердің бірі.
- Нұржан Әлібаев (облыстық футбол федерациясының бұрынғы президенті, облыс әкімінің бұрынғы орынбасары – автор), - деп жауап берді Садық Шоңмұрынұлы.
Жалпы, айта кету керек, жанкүйерлердің басым бөлігі бас бапкер Федор Щербаченконы қолдайтынтықтарын білдіріп, облыстық спорт басшысынан орнында алып қалуын да сұрап жатты. Ал бас директор Нұржан Жалғасбаевтың мәселесі бойынша облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың атына петиция жазатынын жеткізді.
- Шыны керек, Нұржан Жармедетұлы келгелі бері клубта көп нәрсе өзгерді. Оны барлығымыз көріп жүрміз. Футбол орталығының жұмысы оңға басып, «Қайсардың» өз алаңындағы ойындары кезінде шоу-көріністер жанданды. Шағын концерттер ұйымдастырылып, стадионға келген көрермендер көтеру үшін де барлық жағдайлар жасалып жатыр. Жанкүйерлермен жақсы жұмыс жасап, халыққа бет бұратын басшы. Бұрын бізде мұндай болмаған. Біздіңше бұл директор клубқа әлі көп нәрсе бере алады. Өз әлеуетін әлі толық паш еткен жоқ. Мүмкіндік беріп көрелік. Біз Жалғасбаевты қолдап, облыс әкіміне дейін хат жазуға дайынбыз, - деді шулаған жанкүйерлердің атынан сөз алған Азамат Ахметов.
Бұған Садық Шоңмұрынұлы шешім облыс басшылығы тарапынан болғандығы жайлы айтып, осы кездесуде болған пікірлердің барлығы облыс әкіміне жеткізілетінін хабарлады.
- Осында айтылған пікірлердің барлығы Қырымбек Елеуұлына жеткізіледі. Негізі клуб басшылығы мен бапкерлер алқасын қызметінен босату жайлы шешімді қабылдаған әкімнің өзі. Жалпы сіздерді болашақта осындай қателіктер қайталанбасын деп шақырып отырмыз. Әр пікір ескеріледі. Негізі менде мына нәрсені ұсынғым келіп отыр: Келесі жолы бас бапкерді тағайындағанда біз үміткерлерді әлеуметтік желі арқылы жанкүйерлердің талқысына салып, соның нәтижесін облыс басшылығына көрсетіп барып шешім қабылдаймыз, - деді Садық Мұстафаев.
- Ал «Байқоңырдың» жайы не болады. «Қайсар» шынымен де Бірінші лигаға ұшып кетер болса, ертең «Байқоңыр» жабылып қалмай ма?
- Осы орайда сіздерден қолдау сұрағым келеді, - деді Садық Шоңмұрынұлы. – Жақын арада осы мәселені әкімдікте көтеремін. Біз «Байқоңырды» қалайда сақтап қалуымыз керек. Өйткені, «Қайсар» Бірінші лигаға түсіп қалды екен деп, қазір «Байқоңырды» жауып тастайтын болсақ, 2017 жылы «Қайсар» Премьер-лигаға қайта оралғанда «Байқоңырды» қайта құра алмай қалуымыз мүмкін. Бұл команда қызылордалық жергілікті ойыншылар үшін өте қажет. Ал бір Лигада бір қаланың екі командасының ойнауы Кәсіпқой футбол лигасының ережелеріне қайшы емес.
Өз кезегінде клуб директоры Нұржан Жалғасбаев өзін қолдаған барша жанкүйерлерге алғысын білдіріп, команданың Бірінші лигаға ұшып кеткені үшін кешірім сұрады.
- Мен «Қайсардың» дамуы үшін бар күшімді салдым. Аянып қалған жоқпын. Жақсы болса екен дедім. Әлі де клубқа көп пайдамды тигізе алар едім. Бұл тұрғыда идеяларым да, жоспарларым да көп. Дегенмен, басшылық мені қызметімнен босату жайлы шешімді қабылдады. Бұған қарсы келе алмаймын. Ал команданың Бірінші лигаға ұшып кеткені үшін сіздерден мың қайтара кешірім сұраймын, - деді Нұржан Жармедетұлы.