ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫНЫҢ ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛАДЫ
Жыл сайын дүниежүзінде 1 миллионнан астам адам жол-көлік апаты салдарынан көз жұмып, тағы милионнан астамы мүгедектікке алып келетін әр түрлі деңгейдегі дене жарақаттарын алып жатқаны белгілі. Қазақстанда жыл сайын 3000-нан астам адам қаза тауып, тағы 17 мыңға жуығы-жарақат алады екен. Оның ішінде жастардың және кәмелет жасына жетпеген бүлдіршіндердің қаза табуы мен жарақат алуы жиі орын алады.
Осыған орай, 2005 жылдың 26 қазанында БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының бастамасымен қарашаның үшінші жексенбісі жол-көлік оқиғасының құрбандарын Дүниежүзілік еске алу күні болып бекітілді. Аталмыш күн аясында Қызылорда облыстық Ішкі істер департаментінің ұйымдастыруымен қараша айының 09-15 күндері аралығында «Жол жүрісі қауіпсіздігі апталығы» республикалық акциясы өткізіледі.
Акция аясында біршама іс-шаралар өткізіледі. Атап айтсақ:
1. Автомектептерде дәріс алып жатқан үйренушілер арасында көлік жүргізуден сайыс өткізіледі;
2. «Еске алу аллеясына» жол-көлік оқиғасында көз жұмған жандарды еске алып, құрмет көрсету мақсатында тал отырғызу шарасы болады;
3. Жол-көлік оқиғасында зардап шеккен автокөліктердің қалдықтарын тиеген автоэвакуаторлар мен қара жеңіл автокөліктерден құралған «Қара толқын» атты автокеруені өтеді;
4. Дыбыс күшейткіш құралдары арқылы жол-көлік апатының құрбандары жайлы статистикалық мәліметтер беріліп, жолда жүру ережесін қатаң сақтауға шақыратын ақыл-кеңестер, ұранды сөздер айтылатын облыс орталығының халық көп шоғырланатын жолдармен автокөліктер өтеді.
5. Шара соңында орталық алаңда жол-көлік апатының құрбандарын еске алу мақсатында ақ-қара шарларды аспанға ұшыру рәсімі өтеді деп жоспарлануда.
Акция қараша айының 15-не дейін жалғасады
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі