ҰРЛЫҚ 4,8 ПАЙЫЗҒА КӨБЕЙГЕН
Қазалы, Қармақшы, Шиелі, Жаңақорған аудандары мен Байқоңыр қаласында ұрлық-қарлық көбейді. Қызылорда қаласы, Арал, Жалағаш, Сырдария ауданында төмендеген.
Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлағандай, биыл 9 айда аймағымызда 9,950 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелген. Оның 4,784 немесе 48,0%-ы – ұрлық. Бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 220-ге немесе 4,8%-ға артық. Қолды болған малдардың көбі өрістен жоғалған. Яғни қылмыскерлер малдардың жайылымда қараусыз жүргенін пайдалануда. Мысалы, 693 мал ұрлығының 537-і, немесе 77,5 пайызы өрісте жүрген малды ұрлаған.Ал малды өткізетін, етін қабылдайтын және соятын орындар қызметіне тиісті бақылау жоқ.
Өткен мерзімде соттарда ұрлықа байланысты 267 адамға қатысты 196 қылмыстық іс қаралып, 74 адам бас бостандығынан айырылды.
Назерке САНИЯЗОВА