БӘЛІШ САТҚЫЗҒАН МЕКТЕП БАСШЫСЫ ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАТЫЛУЫ МҮМКІН
Мектеп асханасында бәліш сатқызғаны үшін директор қызметінен босатылсын. Қызылорда облыстық тәртіптік кеңесінің кезекті отырысында кеңес мүшелері білім бөлімінің басшысына осындай ұсыныс жолдады.
Тексеру барысында анықталғандай, Арал ауданының Шижаға елді мекеніндегі №57 орта мектептің директоры Қ.Әлниязов кәсіпкерлік қызметпен айналыса алмайтынына қарамастан аспазға бәліш пісіріп сатуды тапсырған. Тексеру барсыныда анықталғандай, ешқандай рұқсат құжаты болмаса да былтыр екі ай қатарынан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған. Одан түскен 12000 теңге есебінен мектепке шыршаның ойыншықтары және дастархан алынған.
Тәртіптік кеңес Арал аудандық білім бөліміне сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқықбұзушылыққа жол бергені үшін Қ.Әлниязовты лауазымынан босатуды ұсынды.