ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАС ТЕҢІЗШІЛЕР МЕКТЕБІ АШЫЛМАҚ
Қызылордалық кәсіпкер Рамазан Алтаев айрықша істі қолға алмақ. Ол тұрғындар мен қонақтардың Сырдария өзені арқылы кемемен жүзуіне жағдай жасауды жоспарлап отыр.
Кәсіпкер бұл бастаманы жүзеге асыруға «Нұр Отан» партиясының көмегімен қол жеткізді. Партияның шарапатын көрген азаматтар Сыр өңірінде баршылық. «Астана» телеарнасының тілшісі хабарлағандай, осы идея болмағанда, Арал теңізінде қырық жылдай бұрын жүзген кеме әлі күнге тот басып жағада тұрар еді.
Рамазан Алтаев,
кәсіпкер:
- «Нұр Отан» партиясына кіріп, өтініш жасадым. Бір жылға пайдалануға, келешекте сатып алуға. Қыстай күрделі жөндеуден өткізіп, көктемге қарай сыртқы бояуларын барлығын бояп, көктемде, Құдай каласа, Сырдария өзеніне салып, адам тасымалдауға пайдалансам ба деп отырмын.
Кәсіпкер облыс орталығынан шыққан жолаушылар мен туристерді жүз шақырым қашықтықтағы Тартоғай елді мекеніне өзен арқылы жеткізуді көздейді. Көксу өзенінен шағын аралды жалға алған Рамазан жазда демалыс орнын ашуды жоспарлаған. Оған қоса, жас теңізшілер дайындайтын мектеп ашпақ ниеті бар. Онда елу балаға дейін окытқысы келеді. Бұл мамандықтар сұранысқа ие болады деп есептейді. Өйткені Арал теңізі қайта толып келеді.
Нұротандықтар қалаға қарасты Қызылжарма ауылындағы күрмеулі мәселелердің оң шешім табуына да сеп болды. Елді мекендегі ауызсу жайы толық шешілді. Су құбыры ауылға тартылып қойғанымен қысымы төмен болатын. Түрлі мекемелердің табалдырығын тоздырған ауылдықта «Нұр Отан» партиясы аймақтық филиалының қоғамдық қабылдауына шағымданған.
Тоня Қожахметова,
Қызылжарма ауылының тұрғыны:
- Бір ай бұрын арыз жазғанбыз, «Нұр Отан» партиясына суымыз жайлы. Нәтижесі, міне, су, жарық бәрі бар. Бұрын суды ішпек түгелі кір жуа алмайтынбыз, ыдыс жуа алмайтынбыз.
Тұрғындар «Нұр Отанның» қоғамдық қабылдауына көбіне жұмыс, жалақы, келтірілген залалды өтеу мәселесімен келеді. Баспана мен жер телімін алуда көмек көрсетуін сұрап өтініш жасайтындар да бар.
Шәріп Әбдірахманов,
«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі:
- Жыл басынан бері 2 622 өтініш, арыз-шағым тіркелді. Ауқымды мәселелердің бірі – халықты жұмыспен қамту. Оның ішінде жастарды. Оларды мүмкіндігінше бағдарлама бойынша қоғамдық негіздегі жұмыстармен қоса жәрмеңке, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша да акциялар арқылы жұмыспен қамтуға ықпалын жасап жатырмыз.
Өтініштердің тоқсан пайызы оң шешімін тапқан. Әрбір тұрғынның шағымы мұқият зерттеуді, әртүрлі келіссөздерді, көп еңбекті талап ететін жұмыс,- дейді Шәріп Әбдірахманов. Десе де Рамазан Алтаевтың теңізшілер мектебін ашу сияқты тың бастамалары көпке үлгі. Сондықтан партиялықтар мұндай жандарға көмек қолын созудан аянбаймыз деп отыр.