1414-КЕ ҚОҢЫРАУ ШАЛЫҢЫЗ...
1414-Бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалыңыз. Себебі бұл байланыс тек сіздер үшін қызмет етеді.
Азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер жайлы, оларды алу тәртібі, сонымен бірге Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметі жайлы толыққанды ақпаратты 1414-ке қоңырау шалу арқылы алуға болады. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға барынша қамқорлық жасау, Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерін мүгедек жандардың тұрғылықты мекен-жайларына барып көрсету бүгінде жолға қойылған. 1414-Байланыс орталығына қоңырау түскен бойда өтініш орындалуға жолданады. Яғни, 1414-Бірыңғай байланыс орталығына түскен өтініштерге сәйкес бөлім қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі жандардың үйлеріне барып қажетті құжаттарын жинақтап, мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны бойынша дайын құжатты үйіне апарып табыстап отыр. Сонымен қатар бөлім қызқметкерлері мүмкіндігі шектеулі жандарға 1414-Бірыңғай байланыс орталығына өтініш қалдыру тәртібі мен Электронды Үкімет порталын өз бетінше пайдалану амал-шарттарын оқытып үйрету жұмыстарын қатар жүргізіп келеді. Күні кеше осы мақсатпен Қызылорда қаласындағы «Мүгедектерді оңалту орталығында» болып, 1414-Байланыс орталығының жұмысын насихаттап, семинар-сабақ өткізіп қайтты.
ХҚКО №3 бөлімі