ӨНЕРЛІ ЖАН ӨНЕР ӨРІСІН КЕҢЕЙТУДІ КӨЗДЕЙДІ
Биыл 55 жасқа толған Ақлима апай туабітті мүгедек. Бірақ ол кісі өзін ешқашан кеммін деп ойламайды. Анасы қолөнерге баулыды. Соның арқасында бүгінде он қолынан өнері тамған шеберге айналды.
Қызылорда қоғамдық телеарнасының хабарлауынша, ол тапсырыспен қыз жасауын жасайды, қыс мезгілі тақағалы халықтан шұлықтар тоқып беруге ұсыныстар түсуде. Ол жеке кәсіпкер болып тіркелген. Жанына көмекші етіп келінін алды. Тігін машинасымен құрақ көрпешелер тігіп, көрпе көктейді. Үйдің бар шаруасы бір өзіне артылғандай. Қыс болса болды пешке от жағып, күлін шығару осы кісінің міндеті. Бір әйелдің тірлігін өзі-ақ дөңгелентіп жүр. Қиналдым деген адамды көрмейсіз. Тыным таппайды. Нан да көміп жатыр, тамағын да жасап үлгіруде. Енді бір қарасаңыз, тігін машинасының жанынан табасыз. Осының барлығы да анасының қор болмасын қызым деп үйреткен өнері, ана сүтімен бойға дарыған қасиет. Себебі анасы да кезінде қолынан бал тамған шебер болған екен.
Былтыр Ақлима апайдың аяғы сынып, ортан жілігі 3 жерден қақ айырылып, жамбасы шытынаған екен. Гипсте 3 ай жатты. Сонда да мойымады. Сонымен қатар, ол кісі үйдің кезегінде тұрғанына да бірнеше жылдың жүзі болды. Алайда, пәтер алу кезегі жылжыр емес дейді. Шеберхана әрі қолдан шыққан дүниелерін сататын дүкен есебінде кішкене дүңгіршек сатып алған. Бүгінде өз қаражатымен ішіне жарық жүргізіп, жөндеп жатыр. Ендігі ауыл әкімдігі су кіргізіп берсе екен дейді.
Иә, Ақлима апай ешқандай қоғамдық ұйымдарға тіркелмеген. Егер ол кісі қамқорлық жасалып, аз маз қаражат бөлінсе, оның өнерін дәріптеуге болар ма еді. Ауылдың кішкентай қыздарын баулуға үйретер ме ек?