БОТА ЖҰМАНОВА: «МАҒАН ЖАСАЛҒАН ҚАСТАНДЫҚ ҚЫЗМЕТІМЕ ТІКЕЛЕЙ БАЙЛАНЫСТЫ»
Журналист Бота Жұманова "маған жасалған қастандық қызметіме тікелей байланысты" дейді. Арнайы баспасөз маслихатын өткізген ол күдіктінің "тонамақ болып, соққыға жықтым" деген жауабына сенбейтінін айтты, - деп хабарлады «Астана» телеарнасы.
Бота Жұманова,
журналист, блогер:
- Шынымды айтсам, бұл нұсқаға сенбеймін. Оқиғаға менің жазып жүрген мақалаларым себеп болды деп ойлаймын. Яғни қастандықтың кәсібіме қатысы болуы ықтимал. Алайда, нақты қандай жарияланымға байланысты екенін білмеймін. Сан түрлі сауалдың жауабы тергеу жұмыстарынан соң белгілі болады деген үміттемін. Бірақ бұл менің жұмысымды әрі қарай жалғастыруыма кедергі келтірмейді.
Журналист «шабуыл жасаған адам табылады» дегенге бастапқыда күмәнмен қараған. Ақпараттарды жіті қадағалап отырған әлеуметтік желі қолданушылары мен БАҚ өкілдерінің, сондай-ақ құқық қорғау органы қызметкерлерінің арқасында күдікті ұсталды дейді. Қазір тергеу барысындағы құпиялылыққа байланысты, қылмыстық іс материалдарын таратуға тыйым салынған.
Еске салайық, журналист Бота Жұмановаға қазанның 8-і күні шабуыл жасалған. Соңынан ілесе келген бейтаныс адам оны үйінің кіреберісінде соққыға жыққан. Бұл оқиға тұрғын үй алдына орнатылған бейнекамераға түсіп қалған еді. Жедел іздестіру нәтижесінде күдікті қолға түсіп, 2 айға қамауға алынды.