СУҒА КЕТУ ДЕРЕКТЕРІ 12 ПАЙЫЗҒА АЗАЙДЫ
Биыл Сыр өңірінде суға кету деректері 12 пайызға азайды. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының міндетін атқарушы Мұрат Келесов бүгін облыс әкімінің аппарат мәжілісінде осылай мәлімдеді.
«Жиында жаз маусымында суға шомылудың қауіпсіздік шаралары талқыланды. Баяндамашы тілсіз жаудың құрығына ілігудің негізгі себептеріне тоқталды», - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі. Басты себептер – дария жағалауындағы суға түсуге қауіпті жерлерге ескерту белгілері толық орнатылмаған, тынығушылар қайықты көлік инспекциясының рұқсатынсыз және құтқару құралдарынсыз пайдаланады, алғашқы көмек тәсілдерін білмей, суға түсе береді.
Осы кемшіліктерді жою мақсатында төтеншеліктер халықтың көп шоғырланған жерлерінде жылжымалы пункт арқылы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ билбордтар қойып, түрлі форматта кездесулер өткізуде. Облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов барлық аудан әкімдеріне дария жағалауын қатаң бақылауды тапсырды.
Айта кетейік, жыл басынан бері аймағымызда 18 адам суға кетіп, көз жұмды. Оның төртеуі – бала. Мұндай фактілер өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 12 пайызға, бала саны 33,3 пайызға азайған.