МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ТАБЫСЫҢЫЗДЫҢ 2 ПАЙЫЗЫН ҚАҒАДЫ
Міндетті зейнет төлемдеріне қоса болашақта денсаулық сақтауға да қаржы төлейтін боламыз. Соның арқасында 2017 жылдан бастап жекеменшік клиникалар да халыққа тегін ем-дом көрсетуі мүмкін.
«Олардың шығынын медициналық сақтандыру қоры өтемек. Парламент қабылдаған заңның ерекшеліктерін Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі түсіндіріп берді», - деп хабарлады «Хабар» телеарнасы. 2017 жылдан бастап медициналық сақтандыру қорына жұмыс беруші әр қызметкер үшін табысының 2 пайызын, 2018 жылы – 3, 2019 жылы – 4, ал 2020 жылы 5 пайызын төлейді. Дегенмен, жұмыс берушіге салмақ түсірмеу үшін корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде бұл сомма шегеріледі. Ал жұмысшылар аталған қорға 2019 жылдан бастап қана жарна төлемек.
Алғашқы жылы олар табысының – 1, кейін 2 пайызын медициналық сақтандыру қорына аударады. Есесіне әр еңбеккерден ұсталатын жеке табыс салығы азаяды. «Яғни ол жұмысшыларға да айтарлықтай ауыртпалық болмайды», - деді министрлік өкілдері. Мұның ұтымды тұсы бүгінде жекеменшік клиникаларда қыруар қаржыға көрсетіліп жатқан медициналық көмек 2017 жылдан бастап тегін жасалады. Яғни жекеменшік емханалар да жаңа заң аясында жұмыс істеуге ниет білдіріп отыр. Олардың шығыны медициналық сақтандыру қоры есебінен өтеледі. Ем-дом құнын министрлік бекітеді. Егер медициналық сақтандыру қорына жарна төленбеген болса, базалық медициналық көмек көрсетіледі.
Алексей Цой,
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің орынбасары:
- Сақтандыру болсын, болмасын, базалық медициналық көмек міндетті түрде көрсетіледі. Яғни ол жедел жәрдем, санитарлық авиация, соқыр ішек болса тегін ем көрсетіледі.
Көп балалы аналар, кәмелеттік жасқа толмағандар, мүгедектер, зейнеткерлер, жалпы 15 санаттан тұратын топ өкілдері үшін медициналық сақтандыру қорына тиісті жарнаны мемлекет аударып отырады. Өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандар, мәселен, шағын кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылар сияқты тұлғалар табысының 7 пайызын төлейді. Бұл үдеріс 2017 жылы 2 пайыздан басталып, біртіндеп жүзеге асады.