ALTEL МЕН TELE2 БІРІКТІРІЛМЕК
«Қазақтелеком» АҚ және Tele2 Group «АЛТЕЛ» АҚ (ALTEL 4G бренді) мен «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС (Tele2 бренді) еншілес ұтқыр операторларын біріктіру туралы келісімге келді. Біріктірілген оператор Қазақстанның ұялы байланыс нарығындағы екі компанияның да ұстанымын күшейтіп, тұтынушыларға ұялы қызметтердің жаңа мүмкіндіктерін ұсынады, деп хабарлайды «Қазақтелеком» АҚ баспасөз қызметі.
ҚазАқпарат» жазғандай, «Қазақтелеком» АҚ және Tele2 Group арасындағы әріптестік қазақстандық нарықта үшінші мықты «ойыншыны» құрудағы тараптардың стратегиялық мүдделеріне сәйкес келеді. Операторлардың бірігуі әлеуетті синергиялар көлемін айтарлықтай арттыруға және алдағы болашақта нарықта көшбасшы тұғырға көтерілуге мүмкіндік береді. Мәміле жасау сәтіндегі жаңа оператордың тіркелген абоненттік базасы 7 млн. абоненттен аспақ, бұл нарықтың 20%-дан астам үлесіне сәйкес келеді.
Біріктірілген оператор екі компанияның да бизнесін тиімді жүргізу, заманауи технологиялық желілер құру және қысқа мерзім ішінде республика аумағында 4G/3G/2G мультитехнологиялық желісін таратуды, сол арқылы түпкілікті пайдаланушыларға ұялы байланыс және интернет қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз етпек.
Осы мәміле нәтижесінде «АЛТЕЛ» және «Tele2 Қазақстан» абонеттеріне, сондай-ақ болашақ пайдаланушыларға желінің қамту аумағын кеңейту, 4G/LTE секілді алдыңғы қатарлы технологияларды пайдалану және көрсетілетін қызметтер қатарын ұлғайту есебінен жаңа мүмкіндіктер қолжетімді болмақ.
«Қазақтелеком ұтқыр бизнестің ағымдағы ауқымы мен бәсекелестік ұстанымдарын ұлғайта отырып, телекоммуникация нарығындағы көшбасшы ұстанымдарын әрі қарай да сақтап қалуға ниетті, бұл компанияны ұзақ мерзімді дамыту стратегиясына сәйкес келеді», - деп атап көрсетті «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев.
«Бұл мәміле біздің пайдаланушыларымызға Алтелдің жоғары қарқынмен өсіп отырған 4G желісіне байланысуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде клиенттеріміз бен акционерлеріміз бірлескен компаниядан синергия әсеріне қол жеткізетін болады», - деді Tele2 Group Президенті, CEO Элисон Киркби мәлімдеді.
Мәмілеге сәйкес «Қазақтелеком» АҚ және Tele2 акционерлік капиталдың тиісінше 51% және 49% және бірлескен компанияның дауыс беретін акцияларының 49% және 51% ие болады. Мәміле мемлекеттік реттеу органдарының келісімдерін алғаннан кейін аяқталатын болады.
«Қазақтелеком» АҚ - тіркелген байланыс, интернет, ұялы байланыс және ұялы интернеттің қазақстандық ірі операторы, инфокоммуникациялық қызметтер провайдері. Тіркелген байланыс абоненттерінің саны - 3,9 млн адам, интернет желісіне қатынау қызметтері пайдаланушыларының саны - компаниялар тобында 4,4 млн адам (2015 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша).
«АЛТЕЛ» АҚ - «Қазақтелеком» АҚ еншілес компаниясы, Қазақстандағы ұтқыр байланыстың жалғыз ұлттық операторы, абоненттік базасы -3 млн адамнан асады, Қазақстан Республикасы аумағында 4G/3G/2G технологияларын бірмезгілде қолдаумен конвергентті мультитехнологиялық желіні белсенді түрде енгізуде.
«Tele2 Group» - Еуропадағы 13,6 млн абоненттік базасы бар (2014 жыл нәтижелері бойынша) ірі және белсенді түрде өсіп отырған телекоммуникация операторларының бірі. Еуропа мен Азияның 9 елінде ұтқыр байланыс, тіркелген телефония, деректер беру, кәбілді телевидение қызметтерін және контент-қызметтерді көрсетеді.