АЙЫППҰЛ ТӨЛЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ КӨТЕРІЛДІ
Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында «Айыппұл түріндегі жазалардың орындалу мәселесі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Аймақтық оқу орталығы ұйымдастырған шарада қалалық №2 сот судьясы Д.Әлиев тақырып төңірегінде баяндама оқыды. «Айыппұл түріндегі жаза Қылмыстық кодекстің 40-бабында негізгі жаза ретінде көрсетілген. Сотталған адам сот үкімі заңды күшіне енген күннен бастап бір ай ішінде айыппұлды төлеуге міндетті. Сотталушылардың айыппұлды төлеуге мүмкіндігі бола тұрып, сот орындаушысының ескертуіне қарамастан, оны төлемесе, айыппұлды қасақана төлеуден жалтаруын білдіреді», - деді ол.
Облыс прокурорының аға көмекшісі А.Кемалов Қылмыстық кодекстің 50-бабының 2-тармағының талаптарына сәйкес егер сотталған адамның айыппұлды біржола төлеуге мүмкіндігі болмаса, ол төлеуді алты айға дейінгі мергімге кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу туралы сот алдында өтініш жасауға құқылы екенін көрсетті. Ал айыппұлды бөліп төлеу туралы шешім қабылдаған сотталған адам сот үкімі заңды күшіне енген күннен бастап бір ай ішінде айыппұлдың бірінші бөлігін төлеуге міндетті.
Жиын соңында сотталғандардың айыппұлды төлеуге мүмкіндігі бола тұрып, сот орындаушысының ескертуіне қарамастан, оны төлемесе, онда айыппұлды төлеуден қасақана жалтару деп қарап, оның жазасын жазаның басқа түріне ауыстыру туралы ұсыныстар қабылданды.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі