ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ
Қызылорда қаласындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында «Сен –Кәсіпкерсің» атты жастарға арналған оқыту семинары өтті.
«Сен-Кәсіпкерсің» тақырыбындағы оқыту тренинг-семинары «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиалы мен Жастарды қолдау Орталығы тарапынан жастарды кәсіпкерлікке тарту мен кәсіпкерліктің негіздерін үйретуге бағытталып ұйымдастырылды.
Мемлекет тарапынан жастар кәсіпкерлігін дамытуға үлкен мүмкіндіктер жасалуда және жастар кәсіпкерлігін қолдауға арналған түрлі бағдарламалар да сәтті жұмыс жасауда. Семинар барысында жастар бастауыш кәсіпкерге көрсетілетін қолдау түрлерімен танысып, бизнестің даму кезеңдерін үйренді. Семинар қатысушылары теориялық білімді жете түсіну үшін, арнайы практикалық тапсырмалар орындап, өздерінің бизнес-идеяларына таныстырылым жасады.
Ескере кетсек, «Сен-Кәсіпкерсің» атты семинар екінші жыл қатарынан ұйымдастырылды. Бірінші жылы оқыту нәтижесінде жас кәсіпкер Құралбек Қожай өзінің шағын бизнесін ашты. Жас кәсіпкер Құралбек Қожай ағасымен бірлесіп, кондитерлік өнімдерді шығарумен айналысады және алдағы уақытта бизнесін кеңейту жоспарын жүзеге асырмақ.
Іс-шара соңында қатысушыларға тренинг-семинарды сәтті оқып бітіргені жөнінде сертификат тапсырылды және қатысушы жастардың өтінішімен жақын арада бизнес-жоспар жасауды үйретуге арналған үшінші «Сен-кәсіпкерсің» семинары ұйымдастырылатын болады.